Өскемендегі сарбаздарға ​ күрең жолақты жейде табысталды

Өскемендегі сарбаздарға ​ күрең жолақты жейде табысталды
жеке
блог

Өскеменде 5518 бөлімінің 400-ден астам сарбазына ​ күрең жолақты жейде табысталды. Салтанатты шараға арнайы ​«Шығыс»​ өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Тоқтаров Берік Серікұлы қатысты.

Полковник Берік Тоқтаров жеке құрамды күрең жолақты жейдеге дақ түсірмей, алдағы қызметті тек абыроймен атқаруға шақырды.

​ – Бұрын күрең берет пен күрең жолақты жейде тек Ұлттық ұланның арнайы жасақтарына ғана берілетін. Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз жауынгерлік міндеттерін атқаруда табандылық​ танытқан құқықтық тəртіп əскерлерінің барлық əскери қызметшілеріне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының шешімімен күрең жолақты жейде киюге рұқсат етілген болатын.Әр сарбаздан бастап офицерге дейін Ұлттық ұланның әскери киіміндегі батылдық пен қайсарлық және табандылық нышанын танытатын осынау жолақты жейдесін мақтан тұтады деп сенемін, – дейді Берік Серікұлы.​Жалпы, бұл киім үлгісін қалай және қандай жағдайда киюге болатындығы туралы арнайы тәртібі мен талаптары бекітілген. Мәселен, ​комуфляжбен жолақ жейде қысқы және жазғы уақытта да киіледі. Сырт киіммен киілгенде күртешенің ​ жоғарғы түймесі ағытылып, жағалары қайырылып тұруы тиіс. Алайда күрең жолақты жейдені ​ далалық жаттығу кезінде, жауынгерлік қызмет барысында, сонымен қатар гауптвахтада ​отырғанда киюге рұқсат етілмейді.

Дегенмен ​ қызмет барысында жолақ жейдені кию құқығынан айырылып қалу да ғажап емес. Оның да өзіндік қатал талаптары да бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскерилері жауынгерлік қызмет атқару барысында қорқақтық танытып, өзінің​ қате шешімдері мен негізсіз әрекеттерінің кесірінен​ ​қаруласы қаза тапса, ​жауынгерлік тапсырма орындалмай қалса, өзінің физикалық және арнайы дайындығы төмендесе, әскери тәртіпті​ ұдайы бұзған жағдайда, жалпы әскери жарғыны өрескел бұзып, қылмыстық заңбұзушылық әрекеттерге барған болса күрең жолақты жейдені кию құқығынан айырылады.​Бүгін алғаш рет салтанатты түрде күрең жейдені қолына алған сарбаздар бұл біз үшін үлкен аброй. Бізге артылған сенімді ақтауға барымызды саламыз дейді.

​– Бізге сеніп табысталған күрең жейде ​ Ұлттық ұланның жауынгерлік рухын сипаттайтын ерекше нышан деп білемін.Бұл тек мен үшін ғана емес ​ менімен қызмет етіп жүрген әр сарбаз үшін үлкен ынталандыру.Енді алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті күзету барысында ​ өз жауынгерлік қызметімізді ​ барынша адал әлі батыл атқаруға тырысатын боламыз, – дейді қатардағы Дмитрий​ Легедзе.

​Бұл әскери киім үлгісі арнайы жауынгерлік сынақтан өткен нағыз лайықтыларға табысталады. Күрең берет пен күрең жолақыт жейдеге қол жеткізу үшін Ұлттық ұланның арнайы жасағы жыл сайын​ сан-қилы ауыр сынақтар мен іріктеуден өтіп,​ үлкен тер төккеннен кейін ғана кию құқығына ие болады.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы