Өскеменде мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты митинг өтті

Өскеменде мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты митинг өтті
жеке
блог

Өскеменде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты  5518 әскери бөлімінің плацында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты митинг өтті.
Ту көтерген топ әскери оркестрдің "Сағадат" маршын сүйемелдеуімен мемлекеттік рәміздерді ортаға алып шықты.
Салтанатты митингте  Қазақстан Республикасының туын көтеру құқығы 5518 әскери бөлімі 1-ші батальонының үздік рота командирі аға лейтенант Сардор Хасанбаевқа берілді.