Оскар Уайльд және оның ертегілері: Жұлдыз бала(байқау)
жеке
блог
блог
Осы жолы сіздерге өте қызықты "Жұлдыз бала" ертегісін ұсынамын.
Қыс мезгілі еді. Бұл мезгілде біреулер асыға күтсе, біреулер "бұл тозақтың қысы" деп жүр. Шыныменде сол жылғы қыс өте қатты суық болды. Ал халық бұдан қатты қиналды.
Бір күні екі орманшы далада күні бойы жүріп кеш те батып қалды. Солай екеуі жерге отырғанда аспаннан жұлдыз ағып жерге түскендей болды. Сосын жерге қараса бірдеңе жылтылдағандай болды. Екі орманшы оны жұлдыз екен деп теңге бөлмек болады. Сосын жақындап қараса алтын плащқа оралған, мойнында янтарьдан жасалған алқасы бар кішкентай сәби екен. Соны көрген бірінші орманшы оны қалдырып кетейік дейді. Ал екінші орманшы оны аяп, аяз далада қатып қала ма деп үйіне әкетеді.
Үйге баланы алып келді. Басында әйелі бұл балаға қарсы болды, себебі, басқаның баласы тұрмақ өз балалары да аш еді. Артынша олар баланы асырап алады. Ал оның алтын плащы мен янтарь алқасын үлкен сандыққа тығып тастайды.
Бұл баланы барлығы Жұлдыздан туған екен деп оны Жұлдыз бала атап кетеді.
Сол Жұлдыз бала орманшының балаларымен қатар өседі. Ол өскен сайын ерекше әдемі бола бастайды. Өзге балаларға ұқсамайтын. Айналадағылар өңсіз қара адамдар болса, Жұлдыз баланың бұйра шаштары сары алтындай, беті аппақ қардай нәзік еді. Бұл әдемілігі оған жақсылық әкелмеді. Ол өте өркөкірек бала боп өсті. Ешкімді менсінбейтін. Ұсқынсыз адамдарды адам көрмей, үй маңайында сондай адамдарды көрсе келемеждеп оларды қуып жіберетін.
Бір күні сол маңнан бір нашар киінген, бет әлпеті ұсқынсыз кедей әйелді көрді. Оны бірден келеке етіп қуып жатқанында орманшы оған ісінің дұрыс еместігін айтады. Сонда бала:
- Мен сенің ұлың емеспін. Және сені тыңдауға міндетті емеспін! - деп зекиді. Орманшы:
- Иә, сен менің балам емессің. Бірақ сені бір кездері орманнан тауып алғанымда аяп үйіме әкеліп едім.
Сол кезде бұны естіген кедей әйел та
-
Сол кезде бұны естіген әйел талып құлайды. Орманшы әйелді үйіне апарады.
Ол есін жиғаннан кейін бала шынымен орманнан табылды ма деп сұрайды. Үстінде жұлдызбен бедерленген плащы мен мойнында янтарь алқасы болғанын айтады. Орманшы мен әйелі бұның бәрін растайды. Сосын орманшы үйге Жұлдыз баланы анасы келді дер шақыртады.
Үйге бала келді. Сосын анасының әлгі ұсқынсыз әйел екенін біліп ашуланады. Анасы екенін мойындамай оған ауыр зекіп тастайды. Себебі бала анасы Жұлдыз екен деп ойлайды. Кедей әйел амалсыз үйден кетеді.
Алаңсыз бала ойнап жүре береді. Бір кезде далаға ойнауға шықса балалар бірден түріне қарап мазақтай жөнеледі. Бәрі оған түрінін ұсқынсыз болып кеткенін айтады. Сосын бала шыдай алмай бұлаққа барады. Мөлдір суға қараса жүзінің сондай ұсқынсызға айналғанын көреді. Соған қайғырып, бұл анасына істеген күнәсінің кесірі ме деп ойлайды
Бала солай анасын іздеуге аттанады. Уш жыл бойы табаны тозып анасын іздейді. Бұл уақыт аралығында ол ешкімнен ешқандай мейірім көрмейді және басынан өткермегені жоқ.
Бір күні бала өзен жағасындағы бір қалаға келеді. Қалаға кірмек болғанда оны күзетшілер кіргізбей қояды. Сосын бір күзетші оны құлдыққа сатып орнына қызыл шарап алғылары келеді. Сол мезетте бір қарт кісі келіп оны сатып алып кетеді.
Үйіне қожайын баланы әкеледі. Ас суын бергеннен кейін оны қараңғы бөлмеге қамап ұстайды.
Ертесінде қожайын оған орманнан ақ алтын тиынды тауып әкелуін сұрайды. Бала орманға аттанады.
Орманда бала қанша іздесе де таба алмайды. Сосын жолда кетіп бара жатса бір қоян ауға түсіп қалыпты. Әлгі аудан бала қоянды босатады. Қоян оның бар тілегін орындайтынын айтады. Солай қоян балаға көмектесіп ақ алтынды табады. Бірақ қайтар кезде қаланың қақпасының алдында бір бейшара адам отырады. Ол баладан қайырым сұрайды. Жұлдыз бала оған аяп барын береді. Қожайынына алтынды таппадым деп айтады. Қожайын болса оны қараңғы жерге қамап тастайды.
Бұдан кейінде қожайын балаға екі рет сары және қызыл алтын тауып әкелуін сұрайды. Оған екі ретте қоян досы табуға көмектеседі. Екі рет қайтарда амалсыздан қақпа алдында отырған адамға береді. Себебі ол адамға қайырым бермесе ол аштан өлетін еді.Ең соңғы алтынды тауып әкемесе оны қожайын өлтіремін деп шешті.
Бірақ ол соңғы ретте де әлгі бейшараға көмектесті. Оның алдында қандай ғажайып нәрсе күтті десеңші!
Қалаға кіре берісімен оған бүкіл әскер, халық, жоғарғы қызметкерлер бас иіп, "Біздің мырза келді" деп қарсы алды. Бұл қошеметті бала өзінің ұсқынсыз келбетін мазақ қылып тұр ма деп жылай бастайды. Сарай лауазымдылары оған оны көп күткенін және мұрагер ел басшысы екенін айтты. Бұған бала сенбеді. Сосын лауазымды қызметкердіқ қалқаны алтыннан құйылған екен. Соған қарап өз жүзін көреді. Сөйтсе жүзі қалпына келіпті. Тіпті баяғыдан да жүзі нұрлана түсіпті. Сосын қызметкерлер оған тәж киіп таққа отыруын сұрайды. Бірақ бала өзінің бұрын анасын ретжіткенін, одан теріс бұрылғанын айтып бұл орынға лайық емеспін деп санап теріс бұрылып кете берді.
Ол артына бұрылғанда не көрді десеңізші! Артында тұрған қанша халықтың арасынан анасы мен әлгі бейшара адамды көреді. Ол анасын көре сала құшақтап одан кешірім сұрайды.
Солай өзі ылғи көмек берген адам әкесі - король, ал кедей әйел анасы - королева болып шығады. Жұлдыз бала сол уақыттан бастап ел билейді. Оның елі тек бейбітшілікте ғана өмір сүреді. Жұлдыз бала жұрттың бәріне аса мейірімділікпен қарайды. Кезінде аяусыз қожайыны болған адамды қаладан қуып жібереді. Бұрын өзіне пана болған орманшылар отбасына үлкен зәулім сарай сыйлайды. Сөйтіп Жұлдыз бала аз да болса бақытты ғұмыр кешеді. Ол небәрі үш жылдан кейін көз жұмады.
P.S. ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ДОСТАР! ОСЫ БЛОГЫМНЫҢ САПАСЫ БОЛМАЙ ЖАТСА АЙЫПҚА БҰЙЫРМАҢЫЗДАР! СЕБЕБІ ҚАЛАМНАН ЖЫРАҚТА ЖҮРМІН.