Оскар Уайльд және оның ертегілері: Бұлбұл мен раушан (байқау)

  Аударма ісі өте бір қызық жұмыстардың бірі. Өзге тілде оқып отырған кезде өз тіліңе аударып, оқырманға қалай қызықты жеткізсем деп ойлайды екенсін. Сонымен, сіздерге осы жолы өмірдің әділетсіз тұстарын аша көрсететін "Бұлбұл мен раушан" атты ертегіні ұсынамын.

  Бір күні ханшайым жас студентке:

  - Егер сен маған қызыл раушан гүлдерін сыйласаң, мен сенімен кешкі балда билейтін боламын! - дейді. Бұны естіген жас студент бағында бірде-бір раушан гүлі өспейтініне ойлап, қапаланады.

 

  Оны тал басында отырған Бұлбұл көреді. Студент:

 

  - Менің бағымда ешқандай қызыл раушан өспейді! Ех, кей-кезде адамның бақыты қандай да бір ұсақ-түйек затқа байланысты болатынын-ай! Мен қанша ұлы адамдардың даналық сөздерін оқыдым, бірақ менде қызыл раушан гүлі жоқ болғандықтан мен өзімді бақытсыз сезінемін.- деп жас жігіттің әдемі көздері жасқа толады.

  - О, менің алдымда нағыз ғашық жігіт отыр екен ғой. Мен күні бойы солар жайлы ән шырқаймын ғой! - десті Бұлбұл. Жас жігіт:

  - Ертең кешке Ханзада сарайда бал өткізеді. Ал менің сүйіктім қонақтардың арасында болады. Егер мен оған қызыл раушан гүлін апарсам, ханшайым менімен таңға дейін билейтін болады. бірақ, менің бақшамда бірде-бір раушан гүлі жоқ қой! Сонда мен кеште жалғыз отырамын ба?!Ал, ол болса... Мені байқамай кете беретін шығар. Және менің жүрегім оттан өртенетін болады.

  - Иә, міне, ол нағыз ғашық жігіт! - деді Бұлбұл. -Менің негізгі салатын әндерім осы ғашықтар туралы ғой. Шындығында, махаббат - бұл ғажап. Ол жақұттан да қымбат. Оны небір маржандарға да сатып ала алмайсың.

   - Кеште сазгерлер не түрлі сазды әуендерді ойнайтын болады. Және менің сүйіктім музыкаға сондай ырғақты қозғалып, сондай жеңілдікпен аяғы жерге тиместен менімен билейтін болады. Өкінішті, ол менімен билемейді, себебі, мен оған қызыл раушан гүлін сыйлай алмаймын. - деп студент жерге басын қолымен басып жылай бастайды.

   - Неліктен ол жылайды? - деді жасыл кесіртке.

  - Шынында оған не болған? - деді көбелек.

  - Иә, неменеге? - деді көршілерінің әңгімесін естіген Маргаритка гүлі әдемі сыбдырмен.

  - Ол қызыл раушан үшін жылап отыр. - деп жауап берді Бұлбұл.

  - Қызыл раушанға ма? -деп таңқалысты олар. - Не деген ақымақтық!

  Және кішкентай кесіртке қатты күлкісі келді.Тек Бұлбұл ғана жігіттің қайғысын түсінетін. 

  Кенеттен Бұлбұл қоңыр қанаттарын қағып, жоғары көтерілді. Ол тоғайлардың үстінен, көлеңке құсап ұшып өтіп, бір баққа тоқтайды. 

  Жасыл шалшықтың арасынан раушан бұта тұрды. Оған қарай ұшып барып біреуіне тоқтады. 

  - Маған қызыл раушан берші, - дейді Бұлбұл, - ал мен саған өзімнің әдемі әнімді айтып беремін.

   Бірақ бұта басын шайқайды. 

 

   -Менің раушандарым аппақ. Олар, тіпті, теңіз көбігінен де, тау басындағы ақ қардан да ақ! Менің ескі күн сағаттары тұратын жерде ағам бар. Мүмкін, сонда барсаң ол саған раушанын берер.

  Солай Бұлбұл ескі күн сағаттары тұратын жерге барды. 

   -Маған қызыл раушаныңды бересің бе? Мен саған әдемі әнімді салып беремін.

   Бұл жолы тағы бұта басын шайқайды.

 

  - Менің раушандарым сары алтындай! Олар, тіпті, янтарь тасынан да сары! Менің студенттің терезесінің алдында тұратын ағама бар. Мүмкін, ол саған сұрағаныңды берер.

   Бұлбұл енді терезенің алдында өсетін раушан бұтасына барады.

   - Маған қызыл раушан гүліңді бересің бе? Мен саған өзімнің тәтті әнімді орындап беремін.

   Тағы да бұта басын шайқайды.

   -Менің раушандарым қып-қызыл! Олардың түсі кептердің аяғынан да, маржаннан да қызыл!Бірақ, өткен жылы менің тамырларымдағы қан қыстың суығынан мұздатылып қалды, менің бүршіктерімді боран соғып кетті, бұталарымды үскірік сындырды, және менің осы жылы ешқандай раушаным болмады.

  -Маған керегі тек бір қызыл раушан. Оның ешқандай жолы жоқ па екен?

  - Бар, -  деді бұта, - бірақ ол сондай жаман! Айтуға аузым бармайды.

  - Өтінемін, айтшы маған! Мен ештеңеден қорықпаймын.

  - Егер саған шынымен қызыл раушан керек болса, сен ай жарығының астында әдемі әуен шығарып менің денемдегі тікенге өз кеудеңді қадайсың. Маған түні бойы ән саласың. Ал,сенің бойыңдағы тірі  қаның менің тамырыма құйылып, менікі болады.

   -Өлім? Жоқ! Бұл бір әдемі қызыл раушан үшін өте қымбат баға! Өмір - бұл кімге болсын ең құнды нәрсе ғой! Қандай жақсы, ағаштың саясында отырып, Күннің алтын сәулесіне, Айдың аппақ жарқылына тамсанып отырып ән саласың! Айналадағы долананың иісі қандай, көк бақбақ гүлдері де сондай тамаша! Бірақ, бәрібір де махаббат өмірден қымбат, және түкке тұрмайтын құстың жүрегін - адам жүрегімен салыстыру, тіпті келмейді!

  Сол уақытта студент әлі шөп үстінде жатыр еді. Көз жасы да сол қалпы құрғамапты.

  - Қайғырма, жас жігіт! Сенде әлі-ақ қызыл раушан гүлі болады! Мен сенің гүлің үшін өз жүрегімді беремін! Махаббат бәрінен де қымбат! - деді қайырымды Бұлбұл.

  Оның сөзін естіген жас жігіт басын көтерді. Айтқан сөздерінің бірін де түсінбеді. Оған кітаптардағы керемет сөздердің бірін айтқандай болды.

  Бірақ оны емен ағашы түсініп, қайғырып отыр еді. Өйткені ол Бұлбұл оған сонша жақын. Емен ағашы:

  - Маған соңғы әніңді айтшы! Сенсіз жалғыздықта болатын болдым. - деп емен ақырын тіл қатты.

   Бұлбұл емен үшін соңғы рет ән салды. Ол ән салғанда айнала бұрынғыдай құлпырып сала берді.

   Жас жігіт үйіне келді. Оның осыған дейін оқыған даналық сөздерінің ешқандай мағынасы жоқ деп налыды. Біраз уақыттан кейін ақырын ұйқыға кетті.

   Түнде ай жарығын шашқанда Бұлбұл раушан бұтасына келді. Оның тікеніне өз кеудесін сұқты. Жарығын шаша отырып Ай да оның әсем әнін тыңдады. 

  Ол жас жігіт пен ханшайымның махаббаты жайлы ән шырқады. Бұта болса бірте-бірте гүл аша бастады. Раушан әуелі күңгірт түсті болды. Одан таң атқандай қызарып, сары ала болды.

  - Тікенге батыр кеудеңді! Әйтпесе, гүл бүгін ашылмайды! - деп айғайлады бұта.

   Бұлбұл ән сала тұрып кеудесін одан әрі батыра түсті. Ал гүл жапырақтары болса алқызыл түске боялды.

   - Батыр кеудеңді, батыр! Әйтпесе гүлің бүгін ашылмайды! - деп тағы айғайлады бұта.

   Гүл толықтай қызыл түске айналып бара жатқанымен оның жүрегі әлі ағарып тұр еді. Оны тек Бұлбұлдың жүрегі тікенге қадалғанда ғана қызарады.

  Оның әндері біресе бара-бара біресе махаббат жайлы, біресе өмір жайлы, бірсе өлім жайлы болды. Әлсіреп, даусы ақырын шығып, қарлықты. 

  Байғұс Бұлбұлдың әнін таңның атқанын ұмытып Ай әлі тыңдап тұр. Гүл қаншалықты жайқалып бара жатса, құс соншалықты солып барады.

   - Қарашы, қарашы! Сенің раушаның қызыл түсті болды. - деді бұта.

    Бірақ Бұлбұл жауап бермеді. Ол биік шөптің үстінде демсіз, тыныссыз, өлі күйде жатты.

   Түске таман жас жігіт терезені ашып, баққа қарайды. 

   - О, Құдайым! Не деген жол болғыштық! Міне, менің қызыл түсті раушаным. Өмірімде бұндай керемет раушанды көрген емеспін! - деп қуанды студент.

   Гүлді бұтасынан жұлып алып, жігіт проффессордың қызының үйіне барады. Барса, қыз босағада отыр екен. Қыздың алдында күшігі жатыр. 

 

  - Сіз маған қызыл раушан сыйласам менімен билеуге уәде беріп едіңіз ғой. Міне сізге әлемдегі ең әдемі қызыл раушан! - деді жігіт.

   -Мына гүл менің көйлегіме жараспай ма деп қорқамын. Сондай - ақ маған гофмейстердің ұлы неше түрлі асыл тастар жіберіпті!  Ал асыл тастар болса, ол, әлбетте, гүлден қымбат тұрады! - деді ханшайым паңдана.

  - Ах, не деген қанағатсыз едіңіз! - деп жігіт ашуланып гүлді жолға тастай салды. Ол жолмен көшеде арбалар өтіп жатты.

  Солай жігіт өзінің махаббатының ақымақтық болғанына өкінеді. Махаббаттың ешқандай пайдасы жоғына налиды. Жақсы көрген адамының ісіне қынжылады. Солай жігіт қайтадан шаң басқан кітаптарын ақтарып, философия және метафизикамен айналыса бастайды.

P.S. Жазушы құстарды ерекше жақсы көргенге ұқсайды. Құстардың рөлін тамаша келтіріп, оларға сүйсінбеске шараң қалмайды. Ал ертегі сәтсіз аяқталғанымен, менің көз алдымнан ешқашан елестете алмаған көріністер өтті. Ал,  сіздерде ше?



Бөлісу: