Бір адам жайлы әңгіме айтылып жатқан жерде оған қосылмай кетіп, үнсіз қалу көбіне өте-мөте қиын. Өсек айтудың жақсы нәрсе емес екенін білсек те, бір адамды жерден алып, жерден салып жатқанда "Оның жақсы қасиеті де бар. Мысалы..." деп айтуға ақылымыз жетпей жатады деп айтсам, артық емес.
Кез келген адам бірыңғай жақсы, бірыңғай жаман болмайды. Кемшілік пен артық тұсымыз қатар жүретіндіктен, "ол – нашар адам" деп үзілді-кесілді айту асығыстық шығар. Көбіне әлсіз адамдар өсектің құрбаны болып, оған шыдамай жатады.
Адамдардың жеке өмірін өсек арқауы ету де жақсы қасиетке жата қоймас. Әркім жеке өмірін қолдан келгенше құрады. Кім бақытты болғысы келмейді дейсіз?
Сіздер қалай ойлайсыздар, адамдар өсек айтудан неге өз-өздерін тыя алмайды? Неге адам өсек қызып жатқан жерде қосыла жамандамай тұра алмайды?
Сурет: вк