Өсек

Өсек... Таратушы – халық. «Журналист – мәдениетті өсекші» деген мәтелді шығарып алған да сол халық.
Журналистер барлығы дерлік «шынайы ақпарат» таратады. Ол ақпарат «қосып айтпаса несін айтатын» халықтың арасына жеткенде ғана өсекке айналады. Кейбір адамдар өтірік үстіне өтірік жамап, елге әдемі әңгіменің әрін кетіріп жеткізуге неге сонша құмар, түсінбеймін! Басты себепкер – көре алмаушылық болар, мүмкін. Ол адамдар өзгенің өзінен биіктегенін көре алмай, жақсыны жамандаймын деп өзінің құнын түсіріп тұрғанын сезінбейді ме екен?! Сөздің тереңіне бойламай, соңы не боларын ойламай адам тағдырын оп-оңай ойыншыққа айналдырушылардан құтылатын күн туар ма екен?! 



Бөлісу: