Орыс тілінің қасына ағылшын,түрік тілдерін заңмен бекітіп қосайық
блог
Қазақстанда орыс тілінің ресми статусын алып тастау мүмкіндігі жоқ яки тым қиын болса, былай жасайық. Еліміздегі ресми тілдердің қатарына ағылшын және түрік тілдерін заңмен бекітіп қосып алайық.
Whaaat?! Ешкім күтпеген жолмен жүрейікші. Ойлап көріңіз. «А що так можна було?» деп украиндар шок болады, әуелі. Ешкім ештеңе дей алмайды. Керісінше, орнынан тұрып қол шапалақтайтын сияқты бүкіл әлем.
Әйтпесе, орыс тілінің статусын алып тастауға тым көп уақыт пен жүйке һәм күш құрбан ететін сияқтымыз. Одан да осылай «қазақи жолмен» шешсек қалай?
Заң мәтінін «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында арнайы жағдайларда ағылшын тілі, түрік тілі және орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деп өзгерту керек. Болды.
Авторы: Michael Sherimbek (Sadyk Sherimbek)
Сурет: pixabay.com