Өрттің иісімен алыспай, ошағын сөндіру керек!
блог
Жексенбіде фейсбук ұлардай шулады. Шулағаны да бекер емес. Атақты ақын Александр Пушкин мен қазақтың ұлы күйші-сазгері Құрманғазы Сағырбайұлының сүйісіп тұрған жарнамасын бірінші болып Бақытжан Бұқарбай есімді қолданушы көріпті. Ол өзінің парақшасына суретті салып, былай деп жазған: «Мында бір жарнама агенттігіндегі оңбағандар гей-клубты жарнамалау мақсатында ұлы күйшімізді қорлап жатыр екен. Aizhan Hamit, Құрманғазының ұрпақтары бар ма қазір? Сотқа берсін, болмаса өздеріміз жиналып іс қылайық. Көсегесі көгермегірлер! Қазақ мәдениетіне жат емес, Оралға келіп "Қозы Көрпеш-Баян Сұлуды" дәптеріне түсіріп алған Пушкинді де қорлағаны дұрыс болмапты».
Иә, айтқаны айна қатесіз шындық. «Бақсақ бақа екен» демекші, бұл жарнама постері шынымен де Havas Worldwide Kazakhstan жарнама компаниясының жұмысы екен. Жұмысқа сол Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан гей-клуб тапсырыс берген. Өзімізде болса бір жөн екен-ау. Орталық азия жарнамашыларының Red Jolbors Fest байқауына қатысқан бұл жоба! Сөйтіп, үшінші орын иеленіпті.
Айтыңыздаршы, бұлардың басы екеу ме? Әлде бұларға сот жоқ па? Ақылы бар, есі орнында қалған азаматтар бұл «жаңалықтан» үркіп, жаппай қарсылық білдіріп жатқанын олар неге түсінбейді?
Қарсылық білдіріп жатқан отандық әншілер. Өздерінің әлеуметтік желі парақшаларында «Бұл сұмдыққа жол бермейік» деген ұранмен мәселенің шешілуін талап етіп отыр.
Бұған құр айғай-сүреңге салына бермей, шешімін табу мақсатында журналист-блогер Өркен Кенжебек біраз іс тындырғанын айтайық. Ол фейсбуктені парақшасында былай деп жазған:
«ҚҰРМАНҒАЗЫ-ПУШКИН: 3 ЖАҢАЛЫҚ
1. Бұл істі сотқа жеткізу бойынша қазір Бақытжан Бұхарбай, Яков Федоров, Руслан Желдібай секілді алматылық интеллигенция айналысып жатыр. Жігіттер табанды.
2. Қуанышымызға қарай, Құрманғазының тікелей ұрпағы табылған сияқты. Оған ертең жігіттер хабарласады. абырой болғанда, ол блогер, сөз танитын, тіпті беделді жігіт десек те болады.
3. Сотқа беруге негіз табылып тұр. Айсәуленің тапқан бабы бар, басқасы бар, негіз бар. Алдымен ҚР Конституциясы, 34-бап
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Одан соң ҚР "Жарнама туралы" заңының 6-бабы. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар 6. Жарнама ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ ҚР мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
Ал іске сәттілік!»
Бәрі де нақты ұсыныс, нақты шешім. Ал біздің айтарымыз тілеулестік!
Біздің құзырлы орындарда тамшыдай ар мен абырой қалса havas пен 69 деген клубтарды жабады. Ата-бабаңды қорлап жатса қандай толеранттылық керек, айтыңыздаршы?
Айтпақшы, жүргізуші Асхат Садырбай болса желіде бұл суретті даттаса да, әйтеуір постерді таратқандарға қарсы. Ол халыққа гей-клубты тегін жарнамалап жатқанын айтады:
Өшiрмесең клубтың жарнамасына тегiн жұмыс жасағаның!Есiңде болсын, ұлтқа деген жанашырлық-әлеуметтiк желiге сурет салып қайғыру емес!
— Askhat Sadyrbay (@askhatsadyrbai) 24 августа 2014
Түйін:
Қажет кезінде қажетті іспен айналыса алатын азаматтардың бары қуантады, әрине. Енді мәселенің мәніне назар салайықшы. Біз қазір тұтанған өрттің ошағын сөндірудің орнына, одан шыққан көң иіспен айналысып отырған жоқпыз ба?