Өртке оранған «Семей орманы» туралы не білеміз

Өртке оранған «Семей орманы» туралы не білеміз
жеке
блог

8 маусым күні Абай облысының аумағында тұтанған өрт бой алдырар емес. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары оңтүстік, батыс және шығыс бағыттарында жүргізіліп жатыр. Оған 1 561 адам, 320 бірлік техника, оның ішінде 11 тікұшақ жұмылдырылған. Өрт басталғаннан бері әуеден барлығы 777 рет екі мың тонна су да төгілді. Бірақ нәтиже көңіл көншітпей отыр

Өртке оранған «Семей орманы»

Еліміздің аумағы өте үлкен болғанымен орманды алқап 10 пайыздан астам ғана. Олардың жалпы ауданы 29,3 млн гектарды құрайды. Орманды алқаптың тым аз болуының басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл және шөлді аймақтарда орналасқандығы. Өйткені, орман ағаштары ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Ал ылғалды алқаптардың бірі – Абай облысы. Осы өңірде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты орналасқан. Аумағы 665 мың гектардан асатын табиғи резерват 2003 жылдың қаңтарында Үкімет қаулысымен құрылған. 2005 жылы Қорық құрамына Үржар ауданының 1 610 гектар жері, 2008 жылы Знаменка ауылдық округінің босалқы жерінен 1 725 гектар жайылым жері қосылған. Ал 2014 жылы ел Үкімет қаулысымен резерваттың жалпы ауданы 804,2 гектар жері Бұлақ СЭС-ін салуға берілген.