Өртенген өзек

Өртенген өзек
жеке
блог

  Бүгінгі күннің кейбір қыздары қысқа белдемше (юбка) киіп, кіндіктерін ашып жүруді шығарған. Бірі- сағыз шайнап, қарқылдап, дарақы күлкісімен көше кезсе, енді бірі- темекі шегуді шығарған. Қат-қабат боянып, шашын түрлі түсті түске бояуды да шығарған. Болашақ аналарды ашық-шашық киімімен әке-шешелері көшеге қалай жібереді екен? Сән қуалаған қыздар ертеңгі күні тыржалаңаш жүрсе де, міз бақпай қарайтын шығармыз? Бүгінгі күнде «әй дейтін- әже, қой дейтін- қожа» қалмағаны ма?