Ортаң қандай болса…
блог
Маған ең ұнайтын "Сынық терезе" деген теория бар. Бүгінгі Нью Йорктің келбетін қалыптастыруға ең үлкен әсер еткен теория.
Бұзықтардың, қылмыскерлердің қаласынан әлем астанасына айналуына әсер еткен теория.
Ол теория бойынша егер ғимараттың бір терезесі сынып тұрса, оның айналасындағы терезелерді сындыру ықтималдығы жоғары. Яғни өзі де сынып тұр, басқасын сындырғаннан зиян келмейді деген түсінікке саяды.
Я болмаса, сен қолыңдағы қоқысты жол бойына тастай салуың да осыған қатысты. Егер сен жолдан басқа бір қоқыс көрсең саған тастау жеңілірек. Себебі саған дейін де ол жерде қоқыс болды. Ал егер жол брйы таза болса сенің қоқысты тастауың да қиынға соғады.
Теорияның мәні сол, адам айналасына бейімделеді. Олар саған дейін де болғандықтан нормаға айналып кетеді.
Жол жиегінде құрылыста істейтін бір жігіт тамақ жеп отыр. Ыңғайланып отырып алған. Жердің, айналаның, тіпті үсті-басы бәрі шаң. Қоқыс. Бірақ ештеңені елеп те отырған жоқ. Сыртынан қараған адамға сәл ыңғайсыз көрініс. Жиіркенішті көрінуі де мүмкін. Іштей гигиена, ау мау деген бір бәлелерді ойтап та қаларсың. Бірақ, бұл жігіттің дәл қазіргі ортасы сондай болғаны.
Бұл барлық жерде жұмыс істейді. Тек қоқыс, бұзақылық емес, ортаңа да, өзіңе де қатысты.
Шылғау