Орталық Азияда аналогы жоқ заманауи кітапхана
блог
Иә, бұл қай кітапхана дейсіз ғой? Бұл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасы. Университет ашылғаннан бері істеп келе жатқан кітапхана алғаш әрбір факультет ішінде болған еді. 2012 жылы жаңа замануи жалпы ауданы 17 856,6 м2 құрайтын, ғимарат салынып барлық кітапхана бір орынға топстырылып қорында 2 миллионнан астам кітапханасы бар үлкен кітапханаға айналды.
Студенттерге өте ыңғайлы замануи жүйеге көшкеен кітапхананың электронды кітапханасы іске қосылған. Халықаралық басылымдар мен деректреге қол жеткізу өте ыңғайлы. Үлкен оқу залы студенттер өзіне қызмет көрсете алады. Электронды зал яғни толық компьютермен қамтылған.
Оқырман билетін ID картаға ауыстырылған оның көмегімен төлем жасауға болады. Замануи принтерлер орналастырылған сонымен қатар сканерлеу құрылғысыда өз қызыметін атқарып тұр. Кітапқа штрих-кодтар орнатылған есіктен шықпақ болсаң бірден дабыл қаққыш ойнайды. Яғни кітап ұрлауға мүмкіндік жоқ деген сөз. Жаңа әлемдік бағдарламалар өз қызметін атқарып тұр. Play market бағдарламасында мобилдік қосымшасында пайдалануға болады.
Шығыс ойшылдарының мұражайын айта кетуге болады. Замануи нақышта істелген өткеннен қазіргі күнге дейін бейнеленген мұражайда өз қызметін атқарып тұр.
Жаңа жоба ретінде ашық сатушысы жоқ кітап дүкені бар. Ол жерде арнайы жәшік электронды төлем жасауға арналған құрылғы бар яғни өзіңіз төлем жасап кітапты ала беруге болады.
Үлкен конференциялар мен халықаралық шараларды ұйымдасытыруға кітапхана қызметкерлері мен студенттер, ұстаздар бірлесіп атсалысады.
Сапалы білім ордасының, сапалы кітапханасы замануи құралдарымен, сәулетті ғимаратымен Орта Азия кітапханаларының аналогы жоқ заманауи кітапхана болып отыр.
Абылай Бекқажиев
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
1-курс магистранты
Тарих-педагогика мамандығы
Ғылыми жетекшісі:
Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті