25- мамырға санаулы күн қалды. Әр кімнің өмірінде әр түрлі ойлар мен істермен ойда қалатын күн. Бірақ бүгін әңгіме ол жайында емес.
Так, 5, 10, 20, 30 жылдық келе жатыр не істейміз? Міне, осы сұрақтар сәйкесінше мектеп бітіргеніне осыншама жыл болғандар ойланатын кез :). Сонымен, орта есеппен қазақтар "мектеп бітіріп кеткендер" кездесуіне қалай ақылдасатынын жалпылама есеппен жазып көрелік. 10 жылдық деп жаза берейін, себебі біздің 10 жылдығымыз :)
Жаңа жыл алдында міндетті түрде біраз кластастарыңызды көресіздер, сол кезде осы әңгіменің басы қозғалады: "ей, 10 жылдық келе жатыр, не істейміз не ойың бар?" деген сияқты сұрақтар қоясыз. қаңтар айы келеді, пысықтау біреуі бәріңізге звондап бір кездесуге шақырады. Әрине, қазір ауылға барғалы жатқан жоқсыз ғой. Барамыз, "ой қатырамыз, қанша шығар десеңдерде береміз, тек бәрі "супер" болсыншы" деп уадеге батырып қайтамыз. Кеш соңына таман, кафеге ақша төлеу керек екенін ұғасыз да орныңыздан ерте қайтуға тырысасыз, жұмыс бар деп. Әрине, сіз үшін біреу төлеуге міндетті көресіз, енді ше сіз шақырған жерге келдіңіз ғой... ақпан айы келеді, әлгі пысықтау біреуге звондап, не болғанын сұрап қоясыз. Қызықсыз, сіздің қатысыңыз не? ол ғой ұйымдастырып жатқан оған көмек керек-ау, онымен бірге сізге де қатысы бар екенін ұмытамыз. наурыз. Әлгі пысықтан че то дым хабар жоқ, ойлап қоясыз "не істеп, не шешті екен" асықпай үлгереміз ғой әлі екі ай бар сәуір, әлгі пысыққа тағы бір-екі пысық қосылып, соңғы ақылдасуға шақырады. Барасыз, барсаңыз адам аз. Ары кетсе 5-10 адам. Әрине, ақша жинайтын кез жақын ғой. қой ауылға бару қиын сияқты осы қала да өткізейк деген ой келеді. Талқылап, соған тоқталып сәуірдің аяғына шейін ақшаны жинап беретін боласыз. Үйге барғасын, келмегендерге звондап қала да болатын болды деп ана "пысықтар типа солай шешті" деп жамандайсыз. Сонымен, олар қарсы екенін білесіз. Әрине, ол тек ана пысықтарға тиімді ғой. Мамыр, 10- мамырға шейін мейрамдар, анау-мынау тыныштық. 15 нен бастап сыныптастарыңыз жан таппай звондайды. Әрине, әлгі пысықтар сіздерге ренжіп қалған. Одан басқаларына керек емес екенін біліп үміттерін үзе бастайды, қайта жиналайын десеңіздер 3- ақ адам келген. Не шешесіздер, қой болмайды деп үйге қайтасыздар. 22 - мамыр, телефоныңыз тымбай шырылдайды, көңілі жақын жақсы араласқан кластастарыңыз. "Ей, ең құрмаса өзіміз бір кафеге ма, тауға ма барайық" ойлайсыз, бәрі келмесе маңызы не деп? 24- мамыр, сонда да 10- жылдықты атап өткізгіңіз келеді, қайта бәріне звондап отсыз... Бәрі занят боп шыға келеді...Сіздерде де осылай ма? мені олай емес екеніне сендіріңіздерші.
Айтпақшы, 10 жылдықты атауға ауыл баратындарға қызығамын. Қызғанамын. Ұйымшыл екенсіздер :). Ал, біз... сол кафеге ма тауға ма бір жаққа баруды әлі ойлап отырмыз...