әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жетекшісі: Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
Дайындаған: Аспандиярова Гүлім, Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.
Еліміздің еркіндігін, ар намысын қорғаған ержүрек перзентеріміздің бірі — Төлеген Тоқтаров. Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінен небәрі 20 шақырым жерде Қарақұдық ауылы бар. Ол жерде Шығыс Қазақстан облысынан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың кіндік қаны тамған. Төлеген Тоқтаров туралы ең алғашқы және ең үздік очеркті 1942 жылы Мәлік Ғабдуллин жазған..
Дивизияның "Отан үшін" газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан.
1942 жылы 5 ақпанда Новгород облысындағы Нагаткино ауылына бірінші болып кіріп, бірден жаудың 7 әскерінің көзін құртып, екеуін тұтқынға алды. Ал 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтере алмайды әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 метр қалған еді. Осы кезде Тоқтаров қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Алдыңғы шепте шеткі үйлерді жаудан азат етіп, 5 басқыншының көзін жойды. Оғы таусылғанша жауға тойтарыс беріп, ауыр жараланды.
Бүгінгі күні Риддер қаласындағы қорғасын зауытының аумағында ескерткіш орнатылған. Зауыттың байырғы жұмысшылары «Бұл цехта Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров 1938-1942 жылдары жұмыс істеді» деген жазуы бар қымбат металлдан жасалған тақтайшаны көздерінің қарашығындай сақтап келеді. Есімін де, ерлігін де зор құрмет тұтады. Қатардағы гвардия жауынгері Төлеген Тоқтаровтың оқ пен оттың, өмір мен өлімнің ортасында жүріп, батылдық пен ержүректілікке шақыратын ар мен ұяттың символы ретінде шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеткенін мақтаныш етеді.
Қорыта айтқанда, Төлегендей алыбымызды ардақтай білейік, ұлтымызға ұран болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік. Тек қана қара дүрсін сөзбен емес, батырдың атын дәріптейтін игі істермен, тиянақты тірліктермен дәлелдеуге тырысайық. Қай халық болса да, батырын мақтан тұтқан, қастерлеп, төбесіне көтерген.
Өрт тұлғаңнан лаулаған қанша ізгілік,
Шың басынан шырпы елге атылды жүз.
Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.744.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.253.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
От ішінде, оқ өтінде туған жолдар.: М.Ғабдуллиннің публицистикасы туралы.Т.Тоқтаровқа арналған) //Ыдырысов Р.Отты жылдар шежіресі.- Алматы:Қазақстан, 1971.- Б75-80