Орнын тапқан олжа ғой

Орнын тапқан олжа ғой
жеке
блог

"Тәрбие - тал бесіктен" демекші, меніңше, көп нәрсе тәрбиеге және адам санасына байланысты. Үйдегі тәрбие барлық жерде өз үлесін қосады. Қыздардың отырып қалып жатқаны - білімділігіненен емес, көңілінің ешкімге аумағандығы және де сол баяғы әке-шешеге көмектесу, қайтсем ел қатарынан қалтырмаймын деген тілеу, үйдегі берілген тәрбиенің дұрыс еместігі. Өмірдегі орнын табуға қыздарға үйде берілген тәрбие де, ата-ананың таңдап алған адамына деген көзқарасы да, ағайын-туыстың әңгімесі де әсер береді. Қыз баласына кішкентайынан жат жұрттық екенін, ана болатынын, ана болу арқылы ел анасына айналатынын, біреудің болашақ келіні екенін ескертіп айтып отыру керек.

Бізде, кейбір отбасыларда, тұрмыс құрған ұят жағдай сияқты жақтырмай қабылдайтындар бар, сосын алған құда жақты жақтырмаушылық, екі жақ арасындағы кикілжіңдер - осындай ұсақ-түйекке мән беріп, көз алдында қалып қойған қыз - ойбай күйеуге тиген деген жақсы емес екен ғой деп өседі емес пе? Өз күніңді өзің көр, ешкімге тәуелді болма, өзің істе, байға тиген өнер ма екен, үлгіресің әлі дегенді естіп өскен қыз келе-келе бар жауапкершілік өз мойнында, өзі бәрін орнықтырып жүрсе оған бір бостау адам кезіксе ол оны қабылдай алмайды.

Білімді болғаны дұрыс, бірақ сол білімдімін деп өркөкіректік басым болғаны жаман. Біреудің үйіне барып келін болған да оңай шаруа емес. Ол үйдің тыныс тіршілігі мүлдем бөлек, ал өзің өскен үй мүлдем бөлек, сол себеті шыдамдылық, төзімділік ең бастысы. Қосылған адамға деген сенім мен сезім керек. Сол сезім арқылы көнуге болады және де әке-шеше, бауыр дегенге алыстау болған дұрыс деп ойлаймын. Жақын болсаң әрқашан соларды ойлап бүйрегің бұрып тұрады, ал ол әрине қайын жұртқа ұнамайды содан барып та ренжістер туындайды. Тұрақтап қалу барған жеріңе де, алған күйеуіңе де, өзіңе де, ата- анаңа да байланысты – келінді түрткілей берсе, ата – ене келген ағайындарға жамандай берсе одан қалды күйеуі көңіл бөлмесе, қашанғы ондай қорлыққа төзеді? Білімің бар, өз наныңды тауып жей аласын деп мамасы отырса, өзіне сенімді қыз кете алады. Ата – ене жақсы болса, күйеуі жақсы көңіл бөлсе, өз көңілі орнын да болса, мамасы басу айтып отырса, ол да кетем демейтін шығар?!

Менің апам айтатын «Қыздар ми жоқ жас кездеріңде тию керек, сонда сендер ойланып болғанша 1-2 бала болады артына қарағанда қайда барам дейді де, сіңіп кетеді» - деп, қазір ойласам апам дұрыс айтқан екен деймін, жас кезіңде біреудің үйіне үйренісу онша қиын болмайтын сияқты, әмбе де, әлі мінезің қалыптаса қоймаған балалықтан толық арылмаған тәрбиеге көндіге аласың, ал жас ұлғайған сайын біреуге бағыну, біреудің айтқанын қабылдау оның жолына көндігу қиындайды. Нағашы апам айтатын «Байымыз қамшымен келіп осып кетеді, бірдеме ұнамаса, ашуланса еш кінәсіз болсақ та, қатыны кінәліміз сонда қазіргі қатындар құсап баланы ала салып төркінге кетем дегенді білмеппіз ғой, жылап-жылап жүре беретінбіз» - деп. Осы кісілердің сөзін еске түсірсем не деген шыдамды адамдар, сол шыдамдылықтың арқасында қазір ел анасы болып отыр емес пе?!

Ар зат өз уақытымен демекші өз уақытында оқу оқып, жұмыс істеп, уақытымен тұрмыс құрып, ана болғанға не жетсін! Уақыт өте бере қыздар отырып қала береді көңілдері ешкімі жақтырмайды («Көң етіктіні менсінбейді, көк етікті кездеспейді») немесе көндіге алмай қайтып келіп жатады. Түсінгенде бәрі кеш болады, кейбірі кеш те болса бақытын тауып, өзін өзгертіп бақытты болып жатады. Тұрмыс құраған соң көп қыздар неге өзгереді десем өзгеру керек екен! Бәрі өз қолымызда!