Өрмекші адам. Фильм. Екі трилогияның жеті айырмашылығы

Сәлем, оқырман!. Мен бүгін Өрмекші адам жайлы түсірілген екі трилогияның айырмашылықтарын айтып бергім келіп отыр. Ал, олай болса кеттік:

1. Кейіпкердің өмірбаянымен дұрыс таныстырмау.

Алғашқы яғни, Сэм Рэймидың трилогясы басталғанда, Питер бірден 16 жастағы мектеп оқушысы болып тұрды. Көзіне көзілдірік киген, әлсіз баланың рөлін бірден алып кетті. Өрмекші-адамды бірінші рет көріп тұрғандар: "Неге мамасын "тәте", әкесін "дядя" дейді" деп ойлап қалуы мүмкін.

Ал екінші, Марк Уэббтің трилогиясында, Питердің балалық шағынан бастап көрсетті. Оның әкес мен шешесі Ричард пен Мэри, тәте-ағаларының үйіне апарып тастағаны жайлы көрсетілген. Яғни көрерменге барлығын жақсы түсіндірген.Сэм Рэйми 0:1 Марк Уэбб


2.Бен ағаның өлтірілген сәті.

Бірінші трилогияда Бенді қалай өлтіргені көрсетілмеді. Кімнің өлтірілгенін көрсетпей, көрерменнің ішін күйдірді.

Ал Марк Уэббтің фильмінде оны Алексей Ситцевичтің өлтіргенін толық көрсетті. Алдағы уақытта сол оңбағаннан кек алатынын көпшілік білетін шығар.

Сэм Рэйми 0:2 Марк Уэбб


3. Жанр мәселесі.

Сэм Рэймидің фильмінде боевик пен фантастиканы ғана алып жүрген.

Ал Марк Уэбб болса фильмге комедия жанрын да қосты. Мысалға алсақ "Андағың пышақ па? Пышақ көрсем зәрем ұшад", бетпердемен мектеп бітіру кешіне айырып кетіп бара жатқан Питер... Тағы да басқа күлкілі жерлер болды.

Сэм Рэйми 0:3 Марк Уэбб

4. Мінсіз бетперде.Алғашқы трилогияда Өрмекшінің бетпердесі Жасыл Гоблинмен болған айқаста да, Доктор Осьминогпен шайқасқанда да, Құм-адам мен Веноммен айқасқанда да, бетпердесі жыртыла берді. Бұл да бір шынайылық.

Ал Марк Уэббтің екі фильмінде де, бетпердесі бір мыжылмады. Бір тілінбеді.

Сэм Рэйми 1:3 Марк Уэбб


5. Қорқынышты сәттер.

 Жоғары да айтқанымдай Сэм Рэйми фильмде тек фантастика мен боевикті алып жүрді. Және қорқынышты сәттерді аса көп қылды. Тіпті бір фильмде, қателеспесем жеті рет қорқып кеттім. Ал Марк Уэбб адамды шошытысы келмейді. Жай ғана күлдіртіп және Өрмекші-адамның шеберлігін паш еткізу мен драманы көрсеткен. 

Сэм Рэйми 2:3 Марк Уэбб

6. Өрмекшінің өрмегі.

Алғашқы трилогияда Питерді өрмекші шаққанда, өрмекті өз қолымен шығара алатын болды.

Ал Марк Уэббтің фильмінде Өрмекші-адам "Оскорптың" арнайы құралымен ғана өрмекші шығара алды. Бұл жағдайда мистер Уэбб: "Питерді өрмек шығаратын қасиеті жоқ өрмекші шақты" деп құтылды.Сэм Рэйми 3:3 Марк Уэбб

7. Қарсыластар.

 Сэм Рэймидің фильмдерінде қарсыластар төртеу болып қана шектелді. Және доктор Коннорс, жай ғана адам болып жүре берді. Ол фильмде Коннорсты да кірістіру керек еді. Бірақ жағдай олай болмады.

Марк Уэббтің трилогиясында қарсыластардың саны қазіргі уақытта сегіз. Яғни алғашқыдан екі есе көп. Егер Веном мен Карнаж қосылса тіпті онға көбейіп кетуі мүмкін.

Сэм Рэйми 3:4 Марк Уэбб

 


Марк Уэбб жеңді!Сэм Рэйми де керемет режиссер!

Ал, олай болса, көріскенше!



Бөлісу: