Орманның арғы жағындағы оңбаған жауыз жаулар. Аударма. Лукяненко
блог
ОРМАННЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДА,ОҢБАҒАН ЖАУЫЗ ЖАУЛАР,,, Отшашқыш қатты қақырып,шоққабыршақты бірақ түкірді.Орманнан асып бара жатқан түтін ізін көз қырымен шығарып салып ,Атқыш қаруды ала сала тұра қашты.Өйткені оңбаған жауыз жаудың көп күттірмейтінін жақсы білетін.Дәл солай. Жаңа ғана тұрған орнына аспаннан от ағыны құйылды. Жаудың жауабы,әрқашанда сол қарудан әрі өте дәлдікпен қайтарылатын.Атқыш сәл ғана ақырын қашқанда бар ғой,үстінен жандырғыш сұйықтықты күйіп жатқан терісімен бірге жұлып,жан азабын тартар еді.Кешегі Әртіспен болған сияқты...Атқыш қорқынышты естелікті тезірек қууға асықты.Қашып отырып өздері қазған орға да келіп қалыпты.Полковник оған риза болып қарап;
-Жарайсың,Атқыш.Сен олардың сазайын бердің!Оңбаған жауыз жау жеңіледі-деді.
Кешке дейін Атқыш тағы да екі рет оқ жаудырды.Екі рет оңбаған жауыз жау,жаңа ғана ол тұрған жерді күлге аиналдырды.Кешкісін Полковник барлық қару жарақтан оқ атуға бұйрық берді.Атқыш бұл бұйрықты ақымақтық деп санаса да,бас тарта алмай,сүйікті от шашқышын дайындай бастады.
Орманның оты шықты.Шықпағанда қайтсін.Соққы.Шұғыл түрде жауап соққы.Күйіп қалған,талып қалған құстар аспаннан күлге айналған жерге топ тобымен құлап жатты.Лазер сәулелері де жекпе жекке шығып,қылыштасып жатты.Жарты сағаттан соң атыс тоқтатылды.Барлығы штабтың жанындағы жертөлеге жиналды.Барлығы да түгел екен,тек қана Сержант иығынан жеңіл жараланыпты,лазер сәулесімен.Алайда ол қыңқ етпестен тұрды,тіпті қолындағы бластерінде түсірген жоқ.Сол сәтте орманнан бір адам шықты,құшағында бірдеңе бар.
-Оңбаған жауыз жау,-деп тістенді Полковник,қалтадан қаруын алып жатып.
-Мүмкін,біздің жаққа өткісі келетін шығар?-деп сұрады Капрал,сірестіргіш қаруды бейтанысқа бағыттап.
-Жоқ ,ол жауға ұқсамайды.Тұп тура біз сияқты,-деп сенімділікпен айтты да Атқыш аяқ астынан ойланып кетті;"осы оңбаған жауыз жаулар кімге ұқсайды екен?Бұрын неге бұл туралы ойламаған?"Бейтаныс біздің қорғану үшін қазған орымызға ақырындап түсіп келе жатты,өзіне бағытталған қару ұңғыларын байқамағандай.Қолындағысын еппен ғана жерге қойды;онысы сары шашты,он үш ,он төрт жастағы ұл бала екен;
-Араларыңызда дәрігер бар ма?Бұған немененің оғы тиіп кеткенін білмедім,-деп сұрады.Дәрігер қолындағы автоматын жерге қойды да,ұқыптылықпен баланы қарап шықты.Содан кейін жымиды да;
-Қорқынышты ештеме жоқ.Сірестіргіштің сәулесі.Екі сағаттан соң есін жинайды.
-Оңбаған жауыз жау!-бәрі соның кесірі,-деді Полковник баланың қозғалыссыз жатқан денесіне қарап.Атқыш кенеттен Палковниктің қалада әйелі мен төрт баласы қалғаны есіне түсті.
-Жаудың мұнда қатысы жоқ,деді бейтаныс.-Сіздер жақтан келіп тійді-деді .Барлығы Капралға жалт қарады.Ол ыңғайсызданып қолындағы сірестіргішті айландыра берді.
-Ештеме етпейді.Аман есен қалды ғой,-деп барлығын асықпай қарап шықты.-Менің атым Кезбе.Мен алыстан келдім,егер қарсы болмасаңыздар ертең кетемін.
-Бұл сіздің ұлыңыз ба?-деп сұрады дәрігер.
-Иә,-деп басын изеді Кезбе.Таң атып қалған болатын,бірақ әлі ешкім ұйықтай қоймаған.Алғашында Кезбенің басынан кешкендерін тыңдады.Содан кейін ән салды.Тозығы жеткен гитараны бірінен кейін бірі алды.Ақырында аздап дірілдеген дауыспен Кезбе ән бастады;
Ұйқыларың тыныш болсын,алыс өзен артында...Ары қарай барлығы;
Жауынгерлер күзеттегі,найзағайдай жарқылда.
Кезбе бар ынтасымен тыңдады.Оған өте ұнаған тәрізді.Содан кейін ол тұрды да;
-Барлығына да рахмет.Біздің кетіуіміз керек.Тим жинал.Түгелі олармен қол алысып қоштасты,содан кейін көп жылдар бойы өздері қорғап тұрған қалаға қайтар жолға түсіпкетіп бара жатқан әкелі-балалыларға арттарынан қарап көп тұрды.Атқыш кенеттен атып тұрды да Кезбенің артынан жүгіре жөнелді.Қуып жетті де;
-Сіз орманның ар жағынан келдіңіз ғой?Айтыңызшы ,кімге ұқсайды олар;оңбаған жауыз жауларды айтам.Мен мұнда үш жыл болдым,олар болса әлі бір рет көрінген жоқ,қорқақтар! Кезбе үндемей ғана басын шайқады.Бірақ бала айтты;
-Онда өзен бар.
-Білеміз!Ал жаулар қайда,қай жерде орналасқан?-деп сұрады Атқыш.Бала оған бүртүрлі қарады да;
-Анда ескі қоймалар бар,бүкіл жағалау бойында.Олар қорғаныс қабатымен қапталған.Мен тас жіберіп қалып едім ,қайтадан кері атып жіберді,тура қолыма...