Негізгі таңбалар
Латынша
Кирилше
Латынша
Кирилше
Басылуы
Аталуы
Оқылуы
Басылуы
Аталуы
Оқылуы
A a
а
а
N n
ен
н
B b
бы
б
O o
о
о
C c
шы
ш
P p
пы
п, б
D d
ды
д
Q q
ку
к-қ, г-ғ
E e
е
е, (э)
R r
ер
р
F f
еп
п
S s
ес
с
G g
гі
г-ғ
T t
ті
т
H h
һа
һ
U u
ұ
ұ
I i
і
і, (ы)
V v
вый
в
J j
жі
ж
W w
дабылу
у
K k
кі
к-қ
X x
хы
х
L l
ел
л
Y y
ай
й, (и)
M m
ем
м
Z z
зет
з
Қосымша таңбалар және құрамалары
Құрама таңбалар
Латынша
Кирилше
Латынша
Кирилше
Ықшам
Құрама
Аталуы
Оқылуы
Құрама
оқылуы
Ä ä
AE
ә
ә
СС
щ
Ö ö
OE
ө
ө
CH
ч
Ü ü
UE
ү
ү
PH
ф
Ŋ ŋ
NH
ың
ң
TS
ц
Ĭ ĭ
I`
ы
ы
YA
я
YW
ю
`
жуандық
YO
ё
Толықтыру:
1) B – ұяң [б] дыбысы, қазақ тілінде сөз немесе қосымшаның басында ғана келеді, м: bas[бас], bay[бай], bosaga[босаға], bala[бала], qarabayr[қарабайыр], bulbul[бұлбұл];
2) F – қатаң [п] дыбысы, ешқашан ұяңданбайды, м: afar[апар], äfer[әпер], afĭr-ay[апыр-ай], qalĭf[қалып], qeyif[кейіп], farasat[парасат], jafan[жапан];
3) G – ұяң [г-ғ] дыбысы, қазақ тілінде сөз немесе қосымшаның басында ғана келеді, м: galĭm[ғалым], gĭlĭm[ғылым], gül[гүл], general[генерал];
4) K – қатаң [к-қ] дыбысы, еш қашан ұяңданбайды, м: äkel[әкел], xalĭk[халық], turĭk[тұрық], türik[түрік], jarkĭl[жарқыл], eki,[екі], sekr[секір];
5) P – ұяңданғыш [п, б] дыбысы, сөз басы мен аяғында қатаң [п] болып дыбысталады, ал дауысты дыбыстардың арасында, немесе ұяң дауыссыз бен дауысты дыбыстың арасында [б] болып дыбысталады, м:put[пут], putaq[путақ], pale[пәле], jalaŋput[жалаңбұт], tapĭs[табыс], qepis[кебіс], japĭlw[жабылу], tepw[тебу], sapaq[сабақ];
6) Q - ұяңданғыш [к-қ, г-ғ] дыбысы, сөз басы мен аяғында қатаң [к-қ] болып дыбысталады, ал дауысты дыбыстардың арасында, немесе ұяң дыбыс пен дауысты дыбыстың арасында [г-ғ] болып дыбысталады, м: qaraqĭm[қарағым], qaraqöz[қарагөз], aqüy[ағүй], aqorda[ағорда], Qazaqĭstan[Қазағыстан];
7) Y - қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Қазақ тіліндегі «r» «w» «y» «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстарын [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: sĭylĭq, uw, uwĭs, qiyw, jetisw, süwret, tĭyĭm, qelw, ädeby, qĭltyma, Atraw, qĭzĭl, qarz, träktr, t.b.;
8) C - «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Сондықтан онымен [ш] фонемасын белгілеген жөн;
9) X - классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз. Сондықтан бұл әріпті [х] фонемамызға қолданғанымыз жөн. М: xalĭk(халық), asxana(асхана), Abĭlayxan (Абылайхан);
10) H - қазақ тіліндегі [һ] дыбысын белгілеуге арналды. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек қолданылғанымен, құрама дыбыстарды жасауда өте қажет дыбыс таңбасы. Сондықтан бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. М: sh, th, ch, ph, nh, kh, zh;
11) Тіліміздегі [қ], [ғ] дыбыстарына жеке таңба арнауға болмайды, оларды [к], [г] дыбыстарымыздың жуан түрі деп қарап, ортақ таңба арнауымыз керек. Біріншіден бұл дыбыстар тілімізде парықтау рөлін ойнамайды, м: қара-кара, қыпшақ-кыпшак. Бұл дыбыстар жоғалып кеткеннің өзінде тіліміздің грамматикалық құрылымдары мен фонетикалық заңдылықтары бүліне қоймайды. Екіншіден егер оларды жекелей таңбалсақ, арап-парсы тілдерінен үндестік заңымызға бағынбайтын сөздер көптеп еніп, тіліміздің үндестік заңын бүлдіруі мүмкін, м: қәхвә, қәбилә, қәйерде, ғәнибет т.б. Үшіншіден ортақ таңбалау арқылы европа тілдерінен тіпті арап-парсы тілдерінен сөздерді тіліміздің заңдылықтарына бағындырып қабылдауға жол ашамыз, м: матыматика, грамматика, кәхвә, кәбилә, логика т.б.
12) Универсалды әліпбидің ықшам түрінде бір дыбысқа бір таңба қолданылады: Ää [ә], Öö [ө], Üü [ү], Ŋŋ [ң], Ĭĭ [ы]. М: Äset (Aeset), saŋlaq (sanhlaq), Öskemen (Oeskemen), Ĭdĭrĭs (I`diris), Sĭqanaq (Si`qanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) t.b.
Стандартты 26 таңбамен жазудың тәртібі:
(Бұл тек ресіми жазу формасы мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады)
13) Жуандық «`» белгісі «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qi`sqa [қысқа], uzin [ұзын], gi`lim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.;
14) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [Праншия];
15) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] (aera [әра] мыңжылдық), «ое» [ө] (poena [пөна] жаза) және «ue» [ү] (true [трү] шындық). Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, qoel, daerya, quen, tuen, Aebic, Aeset, aedemiliq, oesqelenh т.б.;
16) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Europa [еуропа], causa [кауза] себеп;
17) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбйінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында орыстың [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек еді. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн;
18) Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sanszbayev, Yelyena Yevgyeniy, Qazanbayeva, Aytbayev, Tsaryeva, Yekatyeriyna t.b.;
Ықшам түрінде:
Törtbaq, teke qöz, calbar bet qaranĭ qörseŋ, bul Arĭstanbaydĭŋ Mukĭcĭ eken de qoy. Mukĭc ekenin sezdrwge özi de qumar. Qi`zmet basĭndagĭ adamdĭ qörse, cĭrgalap sonĭŋ maŋĭnan cĭqpaydĭ.
Құрама түрінде:
Toertbaq, teke qoez, calbar bet qarani qoersenh, bul Aristanbaydinh Mukici eken de qoy. Mukic ekenin sezdrwge oezi de qumar. Qĭzmet basindagi adamdi qoerse, ci`rgalap soninh manhinan ci`qpaydi.
Кирилше:
Төртпақ, теке гөз, шалбар бет қараны гөрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де ғой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де ғұмар. Қызмет басындағы адамды гөрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.
Beyimbet Maylin “Aristanbaydinh mukici” ci`qarmasinan uezindi.