Орфографиялық қателер және теңтүпнұсқалық аударма

Орфографиялық қателер және теңтүпнұсқалық аударма
жеке
блог

Әр бір маман иелері, іскерлік хат алмасумен немесе анықтамаларды толтырумен қашанда айналысатыны айғақ. Яғни кез келген салада болсын құжаттық жұмыстармен немесе қарапайым өмірді кез келген жазумен адам баласы айналысады. Сол жазылған дүниесінің, дәл айтылғандай сауатты, әрі қатесіз болуы орфографиялық нормалармен, іліміне байланысты болып келеді.

Сонымен, орфографиялық қате-бұл сөздің қате жазылуы. Оны тек жазуда, әдетте әлсіз фонетикалық позицияда, яғни дауысты дыбыстар үшін, екпінсіз күйде, нақтырақ айтсақ дауыс екпінімен, ал дауыссыз дыбыстар үшін, сөздің соңында немесе басқа дауыссыз дыбыстардың алдында немесе сызықшалы емледе кездесетін қателіктер. Демек, орфография сөздерді жазукезіндегі ережелерін реттейтін ғылым. Оныңграмматикалық қатемен айырмашылығы, мынада. Граматикалық қателер ол, дұрыс салынбаған сөйлем немесе сөздің дұрыс таңдалмаған түрі болып табылады. Бірі сөз қатесінреттесе, бірі сөйлемнің қатесіз құрылымын реттейді. Адамның орфографиялық және сөйлеу сауаттылығы, өз ана тілін  немесе өзге тілді жазбаша түрде меңгеру қабілеті орфографиялық қателіктермен жұмыс істеу дағдыларының қаншалықты толық қалыптасатынына байланысты. Орфографиялық қателіктермен жұмыс істеу мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді. Орфографияның қиындықтары, зерттелетін ережелердің бытыраңқылығы, орфографиялық іс-әрекетке мотивацияның болмауы, сөзге, тіліне назар аудармау, сөздік қоры шектеулі, оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, орфографиялық қателіктермен жұмыс жасауда белгілі бір қиындықтар туғызады. Бұндай қателердің болуы, мынандай құбылыстарға байланысты болып келеді, біріншісі, назар аудармау, алаңдаушылық, асығыстық. Екіншіден,  адам орфографияны көрмейді, яғни орфографиялық қырағылық жоқ. Үшіншіден, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің, мәтіннің мағынасын түсінбейді. Төртіншіден, тексеру алгоритмінің бір сатысында қате жібереді немесе орфографияны көреді, бірақ оны қате анықтайды. Ал осы орфографиялық қатенің аудармамен байланысын қарастырсақ.

Аударма - көп қырлы құбылыс, ол әр түрлі болып келеді, мысалға ауызша және жазбаша, және әртүрлі стильдер мен жанрлардың мәтіндерімен жұмыс істеуді білдіруі мүмкін. Ал дәл осы аудармада қолданылатын, түпнұсқа аударма - тілдің стилистикалық құралдарын қолдана отырып, бір тілдің құралдарымен көрсетілген семантикалық мазмұнның басқа тілде берілуі. Негізгі міндет-мақсатты тілдің лингвистикалық құралдары арқылы мазмұнды түпнұсқа тілінде көрсетілген формада жеткізу. Осыған байланысты ауызша және жазбаша аудармадағы қателіктердің жіктелуі бар.Мысалға көркем немесе техникалық мәтіндегі қателер ұғымы мен типологиясы туралы айтуға болады, аудармадағы лексикалық немесе грамматикалық қателіктердің жіктелуін атап айтсақ, яғни аудармамен байланысты қателер, мысалы, фразеологиялық бірліктер немесе сөз тіркестері немесе етістіктің түрлік немесе бастапқы мағынасы, немпесе қарапайым жазылуы мен ауызша айтылуындағы граматикалық, орфографиялық қателер. Осындай қателерді ескермеген аудармалар, аударманың өзіне, анализ жасау барысында, аударма жасалынып отырған процесске қауіп төндіруі әбден мүмкін.

Қате әдетте, нормативті, стандартты, байқаусызда ауытқу, ережелерден ауытқу, талаптарды бұзу ретінде білініп, анықталады. Демек, аударма қатесінің не екенін түсіну үшін, яғни аудармадағы қате яки аудармадағы дұрыс деген не, қате аударма қандай мәселелерді шешуі керек деген сұраққа жауап беру керек. Аударма ең жалпы түрде бір тілдегі мәтін мазмұнын басқа тіл арқылы беру ретінде анықталады. Бұл анықтама аударманың негізгі талаптарының біріне - түпнұсқаның мазмұнын беруге бағытталған. Бұл талапты бұзу, сөзсіз, қателік ретінде қабылданады. Яғни, аудармадағы түпнұсқаны бермеу, не одан ауыту немесе жоққа шығару ол аударма ісіндегі үлкен қателік. Мұнда түсіндірейік, мәтіннің мазмұны аударма мағынасында, алушы, яғни аудармашыбекіткен және мәтіннің мағынасын қалыптастыруға қатысатын семантика элементтері мен мәтін құрылымының жиынтығы түпнұсқада болуы, бұл өз кезегінде мәтінде жүзеге асырылатын мәндерге ғана қатысты емес, сонымен қатар Ғаламдықбарлық, жалпылама аудармаға тұтас айтылатын ереже, түсінік. Сонымен қатар аударма ісіндегі қателіктерді үшке бөліп қарастыруға болады. Ол біріншісі, мәндік, бұл жерде жоғарыда айтылға түпнұсқаның дұрыс жеткізілмеуі, екіншісі тілдік, оған, лексикалық, граматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер жатады. Ал үшіншісі ол, логикалық.

Жоғарыда айтылған, түпнұсқа ол "Дәлдіктің" лингвистикалық және құқықтық түсінігі бір-бірімен байланысты емес. Лингвистикалық дәлдікке аудармашының кәсібилігі қол жеткізеді, ал заңды дәлдікке аударылған мәтінді нотариалды куәландыру арқылы қол жеткізіледі, дәлірек айтсақ, мәтіннің өзіне және аудармашының қолына куәландырылады.

Аударманың міндетті тілдік нормаларын бұзу, аудармашының осы тілді жетік білмеуін, немесе түпнұсқаны дәл етіп жеткізе алмайтынының дәлелі.  Бұл түрдегі қателіктер аудармашының жалпы тілдік мәдениеті мен сауаттылығын бағалауға негіз береді. Негізінен бұндай қателер ережелер нормасына қарама қайшы келетін болғандықтан жиі кездеседі. Аудармада, орфографиялық есепті шешу алгоритмі студенттердің сөздің, сөйлемнің және тіпті мәтіннің мағынасын түсінуінен басталуы керек.

Орфографиялық қырағылық, жазушы не аудармашылардың жіберген қателіктерін несмесе өз қателіктері анықтай білуді қамтиды. Орфографиялық қырағылықтың болмауы немесе оның нашар қалыптасуы жіберілген қателіктердің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл себеп ережелерді жақсы білуді және оларды қолдана білуді жоққа шығарады, яғни аудармашы кез келген ережені жақсы меңгеріп, білгенімен, оны практикада қолдана алмауы әбден мүмкін. Орфографиялық қырағылық әр түрлі практикалық жұмыстар барысында біртіндеп дамиды. Тілдік талдау және синтез-дыбыстар мен әріптерді, морфемаларды оқшаулау, оқу кезінде, диктанттарды жазудың барлығы осы қырағылықты арттыратыны айғақ. Қырағылықты ойдағыдай дамыту үшін аудармашылардың өзі оны дамытудағы басты қадамдары мен құлшынысы өте маңызды. Аудармашының осы тұсы дамыған сайын оның зейіні де арта түседі. Осыған байланысты аудармашы сөздегі барлық әріптерді көруі маңызды. Қырағылықты жүйелі түрде үйрету кезінде емле шеберлігі автоматтандырылып, емле әрекетінің алғашқы кезеңдерінің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді.

Орфографтармен жұмыс істеу өте күрделі болып көрінуі мүмкін, грамматика саласындағы нақты білім мен дағдыларды қажет етеді, орфографиялық есептер шынымен де күрделі, қиын, бірақ емлені орфография арқылы, емле ережелерін қолдану арқылы, қателіктермен жүйелі жеке жұмыс жасау арқылы оқыту жолы жалғыз сенімді жол болып табылады. Қателіктермен жұмыс істеу дәстүрлі түрде материалды зерттеудің соңғы кезеңі ретінде түсініледі. Аудармашы ретінде өз қателіктерін талдап, дұрыс емле нұсқаларын көрсетіп, оларға түсініктеме беруі керек. 

Жіберілген қателіктердің негізгі себебі - аудармапроцесінде назардың төмен деңгейі, бір жағынан оны орфографияға шоғырландыра алмау, екінші жағынан оны іс – әрекеттер, аудару процесі, яғни әріптерді жазу, тілді талдау процесі және емлені тексеру арасында бөлу болып келеді. Емлені анықтау және тексеру қарқыны хаттың өзінен айтарлықтай артта қалады, сондықтан тексеру үшінбіріне кідірістер қажет. Аудармашының жіберген қателіктерінің себептерін зерттей отырып, біз көптеген жағдайларда қателіктер тексерудің ережелері мен тәсілдерін білмегендіктен емес, тіпті дұрыс тексермегендіктен емес, назар аудармағандықтан жіберілетінін мойындай алмаймыз.

Қорытындылай келе, кез келген аудармашыға түпнұсқалық аударманы жетізуде, ең бастысы қатесіз, мағыналы, сауатты жеткізу маңызды. Осыған байланысты орфографиялық дұрыс жазу емлесі, аудармашының біліміне ғана байланысты емес, сонымен қатар қарағылығына да байланысын атап айтқан жөн. Аудармашы емлені жазады, бірақ байқамайды, болжам бойынша және екесте сақтау қабілеті бойынша жазу ол қалыпты жағдай. Мұндай жазумен, ықтималдықтар теориясы бойынша, дұрыс аудармалар тек 50 пайызы болып келеді. Бірақ іс жүзінде дұрыс емле мен сауатты аударма, бұл пайыздан әлдеқайда асып түседі, кейде 100 пайызғада жетеді, өйткені білім аудармашының тілдік тәжірибесі бар, оның жадында мыңдаған сөздердің графикалық бейнелері бар болса, демек ол автоматты түрде жүретін дұрыс аудармаға жатады.