Орел и Решка бағдарламасы

Атақты "орел и решка" бағдарламасы  Қазақстанға келген іссапарларын  You Tube-тан көргенде қатты қуанып кеттім.  Ұшақта түскен соң екеуі тыйын тастайды. Елтаңбалы жағы түссе ұл, сан жағы түссе қыз алтын карточкаға ие болып, қалағанынша ақша шығындай алады. Ал екіншісі 100 доллорға қызықты демалысын өткізуі тиіс. Бұл жолы алтын карточка ұлға тиеселі болыды. Әуежайдан түскеннен Алматының мейірімді көркін көргеннен  толқып отырдым. Жүргізушілердің мақтаған әр бір сөздеріне марқайып қалдым.  Жаным жайнап мен де мақтанып отырдым. Журналист қыз "Қазақтың автобустары мүлдем жол ережесін сақтамайды екен" деп те қойды. Расында солай ғой)))  Қазақтар қымбат темір тұлпарларға құмар екенін бірден байқап қойды қонақтар. Қазақтың көкпарын көрген журналист жігіттің "көкпар деген әлсіздердің емес нағыз еркектердің ойыны" дегені қатты ұнады. "Ойын үшін бір ешкіні ойланбай соя салатыны жаман екен" дегені болмаса.  Қонақ қыздың Шымбұлақтың шырқау шыңына шығып таудың сөз жетпес сұлулығына тәнті болғанына тамсанғаным-ай.

Сосын жігіт атақты "Жеті қазына" мейрамханасына келіп, қазақтың ұлттық тағамын әзірлеуды өтінді. Даяршы қыз қазы- қарта, жал жая, қарын  салынған тәрелкені ұсынды. Жүргізушінің тағамның неден жасалатынын қызығып сұрағанда даяршы қазақ қыз:" Это бараньи кишки"  демесі бар ма. Қонақтың ашылып отырған араны бірден жоғалып кетті. Өзін өзі қинап бағдарламаның басты талабы болғандықтан бір түйірін аузына салып, әзер дегенде жұтты-ау.  Сосын бірден тағамнан бас тартты.  Тамаққа жиеркенгенін айтып аузына алмады. Қонаққа қай ғасырда да бірден ет тартатын еді ғой қазақ бабамыз. Неліктен қазақтың бесбармағын тартпады екен қонаққа деген ой мазамды алды?



Бөлісу: