Ордабасының елігі
жеке
блог
блог
Жоспарды өзгертіп жолдағы,
Ат бұрдық, жотаға ордалы.
Бұл таудың елігі ерекше,
Көңілде жүретін, ол -дағы.
Көркімен еліткен күн-айды,
Тауда өскен ерке елік сыңайлы.
Кекілін желпіген желменен,
Ерке елік күрсініп, мұңайды.
Мұң толған жанары өзгеше,
Күй берді мазасыз жүз есе.
Тағдырдың жолдары - айырық,
Біз енді алмаймыз кездесе.
Қош дедім, жотаға ордалы,
Күтіп тұр алдымда жол тағы.
Әттең -ай! Неліктен білмейміз,
Асылдың қадірін қолдағы?!
Қош болғын, сен де елік тордағы...