Оразаны ойыншық қылғандар
блог
"Қазақ вайн индустриясы оразадан басқа материалға мұқтаж" деген керемет кликбейтпен мақаланы бастайын ендеше.
Сол блогерлер сияқты артымды тазартып алайын.
Ешкімді кемсіту, ғайбаттау ойымда жоқ, олар менің "интересныйыма" жиі шығатын блогерлер. Рамазан басталғалы бірінен-бірі өтіп өз материалдарын осы айдағы кейбір бауырларымызға арнап жазып жатыр. Ешкім кемшіліктен пәк емес. Оразаға енді ғана аяқ басып жүрген бауырларымыздың салғырттығын охват жинауға пайдалану қаншалықты дұрыс?
"Сенің пәленше дооооосың" деп басталатын вайндар мен скетчтар біздің лентамызда короновируспен жағаласып пайда болған. Айтатыны жоқ тамашалап, күліп, достарымызды белгілеп "мынау сен ғой" деп әзілдесіп те жататынбыз. Бір таралғанда бүкіл Қазақстанда айналып шығатын осынау әңгімелердің қызығы бір жыл дегенде басылып келе жатыр еді. Бірақ жақында көрген бұл материалдардың бағыты мүлде басқа сипат алды.
Оразаның арқасында темекіні тастағысы кеп жүрген, сауап істемесе де күнәға батпай күнін ұйқымен өткізетін, ауызашарды секунд санап күтетін достарымыздың бары-рас. Оларға берілетін сауап немесе жазылатын күнәні санау біздің жұмыс емес. Анығы Аллаға ғана аян. Ал осы нәрселерде вайнға салып оны аудиторияға жариялау қаншалықты дұрыс. Посттың астына оқырмандар дәл сондай достарын белгілеп кететін болса оны көрген басқалар не ойлайды? Біреудің айыбын ашуға жұмыс жасап отырған жоқпыз ба? Алла бауырының айыбын жабатындарды жақсы көрмес па еді?
Орентация ауыстырып бұл мәселеге вайнерлер жағынан қарап көрейік. Пікір біреу ақ: ол арқылы сол жандардың айыбын бетіне басу. Экраннан өз бейнесін өзіне көрсету. Жанына охваты "бонус" ретінде жүре береді.
Қай пікір ақиатқа жақын?
Шатаққа араша, күнаға тоқтам керек-ақ. Бірақ қалай? Бәле осы жерде жатыр. Ескерту мүміндерге пайда береді. Ескертуді досымызға жанымыз ашыса жеке барып айтайық. Жәймен жеткізейік. Сапалы ақылды сапалы айтудың өзі бөлек машақат. Ал оны вайнға айналдырып жұрттың смайликтеріне қосылып күлу ешкімге де пайда бермейді.
Қазақ блогингі онсыз да актулькалар арқылы күн көріп келеді. Бірақ ораза актуалька болатындай жеңіл тақырып емес. Сіз бен біздің оразаны жаңадан бастайтын достарымыз жыл сайын көбейе береді. Көбейген сайын жер қыла берсек біздің ақылымыз қайда қалады. Шүкіршілк етіп, біреудің қатесіне күлгенше өз кемшіліктерімізді түзетейік. Барша бауырларыма ораза қабыл болсын!