Оралмас өкініш

Оралмас  өкініш
жеке
блог

Дастархан  басындағы, әркімнің өз  ойларымен әлек  боп  отырған тыныштықты  Сара  тосын  мысқылды  жаңалығымен  бұзды:

- Айтпақшы, Қасым, сенің Еркең кеше күйеуге қашып  кетіпті, - деді  ағасына жымия. Қасым болса анасы мен қарындасына  бір  қарады да

-Қойш, ол менің Еркем емес, сосын не  дейін  бақытты  болсын, - деді, алдындағы кесесінің түбін  қасықпен  тырналай былғалады да, шәйін  басына көтере бір-ақ жұтты, сол  баяғы   өзінің  тәкаппар  қалпын  бұзып алғысы  келмей.  Анасы да  қалыспай:

- Иә, бақытты  болсын! Ерке  ақылды  қыз ғой. Сол кезде  сен дұрыс  жүргеніңде  ол  қазір қарсы алдымда  шәй  құйып  отырар  еді...деп тілімен ұлын  қағытып  өтті.

      Шынымен, Қасымның  анасы  Ажар  ханым  айтса  айтқандай, Ерке  атына  заты  сай  күлімсіреп, айналасындағыларға  еркелеп жүретін, әрі  ақылды, үлкендерді  сыйлап, кішіге  үнемі  қамқор болатын.  Бойы  кішкене  болса да, тәтті  қылықтарымен  адамды  өзіне  тез  баурап  алатын  сүйкімді  қыз.

       Қасым үндемес  қалпымен орнынан  тұрып  кетті.  Ортаңғы  бөлмеге  келіп, ескі  диванның  үстіне  сылқ етіп, қолын желкесіне қойып, аяғын айқастыра ұзынынан   құлай   кетіп  теледидар  көрмек ниетте. Каналдарды  кезек-кезек  ауыстыра  отырып, Музарт тобының  концертін  көруге  тоқталды. Білетін  жерлеріне  ыңылдап  қосылып ештеңе  ойламауға  тырысып, өз көңілін өзі  аулап бағуда. Сценарий бойынша келесі  ән де өз кезегін  алды.

«Алғашқы махаббат

Жүректі  тербейді

Мәңгілік  бақ құсым

Қоштасқым келмейді...» Әннің  әуені  де, сөзі де  Қасымның ішкі сезімі мен ойының  арпалысына  әсер  еткендей.

-Бүгін не боп кетті өзі? Бәрі  неге  Еркені  есіме түсіреді?-деп ашуланып алды да, бір сәтте ой теңізінің тұңғиығына күмп етіп сүңгіді де  кетті.

         Ерке  Қасымның, Қасым  Еркенің алғашқы  махаббаты  еді.

Ойламайын  десе де қарындасының «Еркең» дегені құлағына  жағып кетті. Амал  не  ол  енді  өзінікі  емес. Басқа  жанның  бағына бұйырды. Қасым  оларға  «бақытты  болсын» деп  айтқанымен, жүрегінде  қызаныш  оты  тұтанғандай. Енді   біз  қалай  қосылып, не  үшін  ажырастық  деп  ойланып  кетті. Сырт  көзге  оны  концерт  көріп  отыр деуге  болады, бірақ  «Музарты» жайына  қалды...

    Біздің  махаббатымыз  5 жылдық  достығымыздың  нәтижесі. Бәлкім  бауырбасушылықты махаббатпен  шатастырдым ба  екен? Қызық, біздің  достығымыз сол парталас болудан, 5-сыныпта басталып еді ғой. Үнемі  бірге жүріп, қайда барсақ та қасымыздан  табылатынбыз. Сырымызбен бөлісіп, біреуді  ұнатсақ та жасырмай ақылдасып отыратынбыз. Бізді  «қос ғашықтар» деп мазақ  ететін құрдастарымызға «доспыз» деуден танбай ақталатынбыз. Бірақ  кейін  қалайша ғашық боп қалдым?..  бәрі  неден  басталды  өзі? – деп, өз-өзінен  іштей сөйлесіп, тіпті журналисттің «алғашқы махаббатыңыз туралы айтып бересіз бе?» деген сауалына жауап беріп отырған жұлдыздай.

    1-ші қараша. Сыныптасы Мержанның туған күнінің  құрметіне орай  жастар отырыс  ұйымдастырды. Ол кезде Қасым қалада  колледждің 1-курс студенті, ал Ерке мектепте 10-сынып  оқиды. Атаулы күн иесі Мержан болғанмен, үнемі отырыс Қасымның үйінде болатын. Ерке  дастархан жазып, тамақ қамымен қыздарға ыдыстардың орнын көрсетіп, нені қалай жасау керек бәрін пысықсынып шаруалап жүр. Ол ісін жігіттер жағы келемеж қылып «дайын келін» деп әзілдесіп жүр... Барлығы үстел басына жайғасып, әдемі әзілдерімен жарасып, ақ тілектерін  арнады. Отырыс бимен қыза түсті. Гитарамен әндер  шырқалып, жандана  берді. Бұл туған күнге келген қонақ жігіттердің  көзі қыздарға түсті, сондағы бары төрт қыз болатын. Соның ішіндегі бірі «сіз» деп сызылып Еркенің   маңынан  шықпай  жүр. Бұл Қасымға ұнамады. Не істерін білмей дызылдап оны көзден таса  қылмай бақылауда.Тіпті, қонақ боп  келген  Асыланның  вальс  кезінде Еркеге  қарай  бағыт  алғанын  көріп, бірінші  боп ұмтыла  ортаға  қолынан  жетелеп шықты. Сұраулы  көзбен  қызара жымиған қызға қарап, жәй  ғана  «үлгердім ғой» дегендей езу  тартты да «-айырылып  қала  жаздадым ғой»- деді, онысына  Ерке де  мән  бере  қоймады, үнемі  солай әзілдете  сөйлейтініне үйренген еді, солай деп  қабылдады.  Онысын жолдастары да  сезе  қойды. Бір-біріне ымдап, көздің ұшымен сілтемелеп түсіністі. Бір кезде  барлығы биді тоқтатып, ойын  ойнауға келісті. Ең қызықты, яғни сол кезде сәнге айналған – «Кім батыл, кім шыншыл?» ойыны. Шарты ортадағы бос бөтелкені айналдырып, астыңғы жағы кімге қараса, сол басқы ұшына іліккен адамға «батылсың ба, шыншылсың ба?» сауалын қойып, жауабына қарай іс қылатын. Ойын бәріне шат көңіл сыйлап, күлкі симфониясы әдемі жалғасуда... өзіне келер кезекті күтіп отырған Даниярға бөтелкі арты қарап көзін қысқандай, қуанып кетті. Қасымға қарап әдейіліп жайғасқан-ды. Енді ол Қасымға қараған стрелька бойынша:

-Қасым, батылсың ба, шыншылсың ба? – деді.

Сәл  жымиды да:

-Батылмын, - деді, өктем үнмен.

-Ал, тыңда онда, - деді де, айналасындағыларды бір шолып шықты да, -сен жақсы көретін жанға осы жерде сезіміңді білдіріп, батылдығыңды дәлелде, - деген талапты дүрсе қоя берді. Қасым  қызарып, тілі байланып қалғандай. Барлығы сұраулы көзбен, не болады екен, қандай қызық болар екен,-деп, бір-бірін түртпектеп, «бол да болмен» жан-жақтан  қолқалап жатыр. Қасым  айналасын  шолып өтіп, отты көздерімен, қызарған  жүзімен  Еркені де сызып  өтіп:

- Жігіттер, бұларың  дұрыс  емес, басқа  нәрсе айтыңдар, орындайын, бұл ... енді...-дей беріп еді, Данияр да қалыспай:

- Батылмын  деген  өзің, көрсет барыңды,-деді, шансты жіберіп алма  дегендей.

 Ол енді не болса, сол болсын дегендей, Еркеге көзінің астымен қарады да «Ерке мен сені көптен бері ұнатамын, тіпті жақсы көремін. Менің бірге жүрер қызым болуға келісесің бе?» деп, бәрін «шалқасынан түсірді». Мұндайды күтпеген қыз жүрегі түсіне алмай әлек. 

-Қойшы, болды, ойнай бермей,-деп, қызарып кетті. Сасқанынан  үстел  үсін  жинағансып, бос  ыдыстарды  бір-бірінің  үстіне  жайғастырып, қолдары  дірілдей , не  істерге  білмей, тіке  қарауға  батпады. Қыз-жігіттер  болса, соңы  немен  аяқталар  екен  деп  кино  қарап  отырғандай үнсіз  ғана бақылап отыр.

-Еркем-ау, шынымды айтып отырмын, ешқандай ойын емес. Қасымның  сол  кездегі  ішкі  сезімі  өзіне  ғана  аян (жүрегінің  дүрсілі, аяқ-қолының  дірілі, өзінің  не  айтып  отырғанын  өзі  естіп  отырмағандай)

-Сен ойын шартымен батыл екеніңді  дәлелдедің, енді жалғастырудың қажеті  жоқ, - деп Ерке қызарып , өзін басқалардың алдында ұялтқаны үшін намыстанып, орнынан  тұрды да сыртқа шығып кетті. Бәрі аң-таң. Бұның шындық,  не ойын үшін осылай болғанын  түсінбей таңданып отыр. Қасым атып оның соңынан  шықты да, Еркенің қолынан ұстап тартып қалды

-Тоқташы енді, тыңдашы мені!

-Неге тыңдауым керек? Сен  бәрінің көзінше «ұнатам» деп келемеж қылдың. Басқа да қыздар отыр ғой, соларға айтпадың ба? Достығың осы ма, сенің?-деп, қолын  сілкіп  қалды, көзінен сараң тамшы  тамып  кетті.

-Ерке түсінсеңші, өзім де соны айтпақшымын ғой енді, менің сенімен дос болғым келмейді...

-Онда  дос  болмай-ақ  қой, - деп  тістене  сөйледі, ашумен айқайлаудың  өзін  ұят  санап.

-Қырсықпай, тыңдаш енді. Манағы  сөздерім ешқандай  ойын  емес, бәрі де шын. Осыны  айта  алмай  жүргеніме  көп болды. Басқалардан  қызғанам  деп  өлетін  болдым. Есіңде ме, мен саған  жазда  әр  нәрсені  сылтауратып  келе  беретінім. Сол кезде  енді  айтам, енді  айтам  деп келіп, батылым  жетпей қайтатынмын. Жігіттер мені саған барарда  дайындап  жіберетін. Жауапсыз  қайтқанда күлетін. Сондықтан  ойынды  әдейі  осылай  айтып  отыр,- деп, бәрін  ашудың  буымен  айтып  салды да, бір сәтте  тоқтап, өзің  қалай  батылданып  кеткеніне  өзі  таңданып  тұрып  қалды.

Еркеде  үн  жоқ. Бұндайды  күтпеген-ді. Төбесінен  жай  түскендей  мелшиіп тұр. Не  ойларын да  білмей, ойлануға  шамасы  да  келмей қалшиды. Ол да Қасымды  дәл  осылай  айтады  деген  үш ұйықтаса  түсіне де  кірмеген.

-Еркем, бірдеңе  деші, үнсіз  қалма, ойыңды  айт.

-Білмеймін, Қасым, әлі  түсіне де,  сене де алмай  тұрмын,-деді Ерке ақшыл жүзін  ашу жауып қызарып, сұстанған сұраулы  көзбен біресе Қасымға, біресе «не істейін айтшы, сенейін бе, сенбейін бе?» дегендей жерге қарайды...

-Тәте, тәте деймін, - деп түрткілеген кішкене қарындасының  жұп-жұмсақ алақаны  ойын бөліп  жіберді. Түсінен  шошып оянғандай  селк етіп  қарады да,

-Ау, жаным, не  болды, - деп, өзіне  қарай  тартып, құшақтап  алды да, иіскелеп-иіскелеп, сүйгіштеді.

-Тәте сізге балдал келіп тұл сылтта, - деп былдырлады.

-Жаным менің, тәп-тәтті  тіліңнен  сенің, барып мені қазір  шығады  де.

Аружан  еркелеген күйі  еліктей  секең-секең  етіп, ойнақшып  сыртқа  жөнелді.  Жан  жағын  сипалап  теледидардың  пультін  тауып  алды, өшіріп, ыңылдай  есікке бет  алды.  Шарбақтағы  сәкіде жайғасқан  достарын  көріп, көздері  ойнақшып,жүзі де  өзгерді.

«Ооо, Ассалаумағалейкум, уағалейкумассалам» -десіп  қол қысып, төс  қағыстырып  мара-қара  болды. Араларында  Астанадан  оқудан  келген  Ернар да  бар. Бір-бірін құшақтарынан  жібермей, кезек  көтеріп, алаңда күш беріспей жатқан  палуандардай  арқаланды.  Көптен  көріскен  достар  жаңалықтарымен  бөлісіп, дәстүрге  айналған  гитарамен  өлеңдетіп  біраз  отырды. Бұлардың  арасында  1-2-уі ғана  гитарада  ойнай  алмағаны  болмаса, қалғаны  жарыса, кезектесе  аспапты  шыр  айналдыра  тартатын.  Достарымен әңгімелесіп, біраз  көңілі  бөлінді. Басындағы  ойлардын түзілген  ақша бұлты  сейілгендей.

-Қасым, темекіңнен  бар ма? деген  Ернарға

-Қой, жоқ, мен  қойдымғо  темекіні, - деді  ойнақшып.

-Қойшы, ей, бір  күндік па? – деп Мержан гитарасын  күйін  реттеп  отырды.

-Бітіп қалса, бір  күнге  тастайтынымыз   бар, енді.  Болса  дәм  татайық  бізге  де  берсеңдерші, деп қолын  «менде бар» деген Даниярға  созды. 

     Осы  темекі  тартатындығы  Еркеге  мүлде  ұнамайтын. «Фуу, жақындамашы» деп жиіркенетін. Ол  оның  жанында, тіпті оған  кездесуге  барар  сәттен  тарпай  қоятын...

Қасым өз ойынан  өзі шошып, тез  есін  жиып алды да, жігіттермен  әңгімеге  араласа  кетті. Әр нәрсені  сөз  қылып, темекісін  құшырлана  ішке  қарай  тартты да, жерге  былш  еткізіп лақтырып, өшін  алғандай  аяғымен оңға солға деп  таптай  салды.

      Таңға қарата  достары  тарқасты.  Ойына  бірдеңе  түскендей  дала  жаққа   қарай  аяғы  тартты  да  тұрды.  Ол  Ерке  екеуінің  кездесетін    орны  жалғызбасты  атайдың  үйінің  сыртындағы  қуыс  еді.  Сонда  барып, ағаш  шарбаққа  жазылған  «Ерке  сені сүйемін» деген  қырылып жазылған  естеліктің  әлі  тұрғанына  көз  жеткізіп, ішін  бірдеңе  тырналап  жатырғандай.  Үйге  келіп, қайта  сылқ етіп  төсегіне  құлады.  Әрі  аунап, бері  аунап, ойы  маза  берер  емес. «Жарайды, Қасым, саған  сенем» деген  Еркенің  сол  кештегі  сөзі  келді  құлағына.  Сол  кезде  бақытты  сезінді.  Құшақтап  көтеріп  алып, «рахмет,рахмет»  дей  берді.  «Біреулер  көріп  қояр, түсірші,  ұят  болады  ғой» дегеніне  қарамады.  Бәрін  көз  алдынан  қайта  өткізіп  шықты.  Жүзіне  күлкі  үйірілді.  Қайта сол сәтке оралғандай. 

    Ал, сол  сенген  серісі  сенімді  ақтай  алды ма?  Араларын  қала  мен ауыл  бөліп  жатырды.  Аптаның  әр  жұмасында  ауылға асығып келіп, мектептен  сүйіктісін  күтіп  алып, үйіне  жақындатып  тастап, кешке  келетінін  айта  кететін, оған  дейін  телефонмен  сөйлесіп  жүретін. Достарының  алдында  намысын  түсірмейін , достықтарына  сызат  түсірмейін  деп «иә»  деген  сұлу қыз, өзі  де  кейін  ғашық  бола  бастады. Ешбір  мейрам  атаусыз  қалмады. 8 наурызда  аппақ  қоянымен  жылы  сөзі  жазылған  ашықхаты мен  келіп, үйінен  ұйымдастырылып  жатырған  вечерге  алып  кетті. 7-мамырда қолсағатын  сыйлап  еркесі тұрды алдында.  Солайынан  9 ай  кинодағыдай  әдемі  жұп  болып  жүрген.  Бірде Ерке  бір  өзгеріс барын  сезгендей  жігітінің бергісі  келмесе де  агентінің  паролін  алып, компьютер  арқылы  архивтерін  көрмек  болды. Ойында  ештеме  жоқ, техникаға  қолдары   үйреніп, әндетіп  отырып, клавиатура  үстінде  саусақтары  сазына  билей  жөнелді.  Бәрі  жақсы. Бәрі  таныс адамдар. Әні  кілт  тоқтады.  Жаңыл?  Кім  болды  екен  деген  оймен хаттарын  ашты. Жүрегіне  біреу  ине  сұғып  алғандай шаншыды.  «жаным  дейді? Қызыңа  айттың  ба, қоштастың ба,біздің  осылай  жүргенімізге де  1 апта  болды ғой,мен  бұлай  жүре  алмаймын, біреуімізді  таңда?!». Көзінің  жасы  тоқтар  емес.  Орнында  қалшиды  да  қалды.  Бір ғана  сөз  оның  өмірін  өзгертіп  еді, еді  бір  ғана  смс  тас талқанын  шығарды. Енді  қайтпек? Дым  болмағандай  жүруге  жүрегі  шыдатпайды. Құрбысына  не жігітсымағына хабарласарын білмей дал. Жаңа  ғана  «Қадір  түніндегі тілегім өзіңмен  бір  болу»  деп,түннің  жартысын қасында  болмап па еді?  Қазір  ғана  асылым деп әдемі  арнауын арнамап па еді? Ұстаған  оразасының өзін  арамдап  жүргені ме?Не ойларын  білмеді...  Бір сәтте  есін  жинағандай  болды.  Телефонын  қолына  алды да, «Бізде бәрі  бітті. Жаңылыңмен  бақытты  бол, мендей  саған  сеніп, жақсы  көре  алса... маған  қайта  келуші  болма» деп  қысқа  қайырды. Одан  кейін  жыламады.  Құрбысын  жігіті  тастап  кеткенде «ол сенің көз жасыңа  татымайды» деп ақыл  айтқан өзі  еді, өзіне де қайталады. Қасым  қанша  хабарласса да  сөйлеспеді. Мектепке  барар  бағытын  өзгертті.  Телефонындағы  қазақша  өлеңдерді  бірін  қалдырмай  өшірді де, орнын  өзі  түсінбейтін  ағылшын  тіліндегі  дүрсілдеген  әуендермен  алмастырды. Екеуіне  ортақ  достары  кімді  жақтарын  білмей  сарсаң  күйде.  Қасымның  Жаңылы  сезімінен  жаңылып, көп  ұзамай  жолдары  айырылды.  Еркенің  сүйкімді  қылықтарын, сыңғырлаған  күлкісін, ақша  жүзін  сағынды, өкінді. Бірақ, қырсық  қыздың  ғажайып  қайтпас  мінезі, бірбеткейлігі жігітім  деп  те  досым деп  те  қабылдамады. Үйінің  алдынан  Еркені  күтіп  алып, сөйлеспек  болған  Қасымға «енді  келме де, күтпе де, сөйлескім  келмейді  сенімен, себебі, сенбеймін саған» деп  қайырып  жіберген  болатын.  Бір  жыл  уақыт  өтсе  де, екеуі  татуласпақ  түгілі  бір-бірімен  сөйлеспеді...

      25-мамыр.  Жас түлектер  мектеппен  қоштаспақ. Жүректерінде  толқыныс. Жанарларында  қимастық.  Жаңа  үлкендік  өмірге  аттанбақ.  Кешкісін  мектеп  бірулерінің  құрметіне  шағын  отырыс  ұйымдастырды. 2-3-уі  келмей  қалғаны болмаса, түгелдей  тегіс  жиналған.  Қасым  Еркенің  басқа  жігіттермен   арқа-жарқа  боп  әңгімелесіп, әзілдесіп  тұрғанына  қызыға  да  қызғана  да  қарап  тұрды.  Кейін  дастархан  жаюдың  қамына  кіріскен  қыздар, әпсәтте  бәрін  жайнатып  жіберді.  Әдемі  музыка, көтеріңкі  көңіл  күй. Тек  бір  нәрсе жетіспейтіндей. Біркездегі  ғашықтардың  бірбіріне қарағандағы  жылулық еді... Ас бөлмесіне  кіріп, Жайнадан  Қасымды  сұраттырып  жіберген  Ерке  қобалжып  тұр.  Жігіттермен  сыртта  тұрған  Қасымға  Жайна айқайлап шақырып  мында  келші дегендей  басын  изеді. Ізімен  жүріп  отырып  ас бөлмесіне  келіп, қарсы  алдынан  қырсығын  көргенде   таңырқады.

-         Мені  Жайна  шақырып  еді... – деп  күмілжіді.

-         Иә, мен  едім... Қасым  біз  енді оқуды  бітірдік, жан-жаққа  кетеміз  ғой...-деп  ойы  сан саққа  жүгіріп, қалай  сөзді  құрарын  білмей  әуре, -

-         -Сол, менде...

-         Қазір  мен  сөзімді  аяқтап  алайын

-         ...

-         Біздің былай  жүруіміз  дұрыс  емес. Бәрі  балалық. Ұмытылады... мен  ұмыттым (бәсең  дауыспен)...мен  сені  кешірдім. Достықты  махаббат  деп  ойлаған  шығармыз, сол  бұрынғыша  дос  бола  берейік, жүргенімізді  есептен  сызып  тастайық,  дос  ретінде  қайта  бастайық,-деп  жымиған  әдемі  көздерімен  қарады.

-         Менің де  осыны  айтқым  келген, кешірші  мені  Еркем,енді  сені  ренжітпеймін, -деп  қатты қатты  құшақтады. Іштей  сағындым  деп  тұрғандай. Бұған  құрдастары да  ортақтасып, қуаныштары  есенеле түсті...

        Достық  көңіл  жарасымын  тапты. Тек  араларын  қала  бөлетін  күнге  жетті. Ерке  енді  Ақтөбелік  қызға  айналды. Сессиясы  бітіп, ауылға демалысқа  келгенде кездесіп, қызықтарымен бөлісіп, әңгімелері  таусылмайтын

-         Қасым, мен ғашық болып  қалған  сияқтымын.  Әзірге  тек  сөйлесіп 

жүрміз. Білсең  ғой, мінезі  тура  сенен  аумайды,-дегені  есінде.  Міне енді  бүгін  сол  жігіттің  жары атанып  кетіпті... Бұрынырақ  қадірін  білгенде, әттең, жылт  еткен  қызығушылыққа  еріп, шынайы  сүйгенімнен  айрылғаным, әттең... мектеп  бітіргесін әкемнің  жасында  өзіңе  үйленемін  деуші едім, қазір 25-ке келдім ғой... мені сендей  ешкім  сүйе  алмады ма, саған  жасағаным  өзіме  оралды ма, ұнатқан  сұлуларым  өзгеге  айырбастап, кейде мінезіме  келіспей  жолым  болмай  қойды. «Бақытты  бол, менің  қырсығым, менің  Еркем», -деп, өзді  өзінен  күбірлеп  жатып, ұйқыға  кетті.

        Оралмас  өкініштің  алдын  алайық, бақытты  болайық!