Оралдан сәлем! )

Оралдан сәлем! )
жеке
блог

Сәлем, Массагет! Массагетім менің )) ути-пути, сағынып қалғанский сені )) 

Бір аптаға жоғалып кеткенімді біреу ескерсе, екінші біреуге байқалмаған да шығар. Әйтеуір, "Қалайсың, қыз-ау, қайда жүрсің?" деп хат-хабар жазғандардың баршылығына қарап, балаша мәз болдым.

Жайыққа барып қайттым. Айналайын Ақ Жайығыммен, Оралыммен, құм Нарынмен қуана қауышып, дархан даланың аңқыған жусанын құшырлана иіскеп, аунап-қунап келдім. Жақын-жуықтарымды, тума-туыстарымды, ескі достарымды, ескі махаббаттарымды көріп, жаным жайланды )) Көңілім көл болды.

Туған жерім Оралымнан асып, Ақтөбеге де ат басын тірей кеттім. Болат Мұхтар деген ағамыз "Ақтюбе" деп әлдеқандай етіп отыратын құт мекен бабында екен. Көшелері көріктеніп, мейірім шашып тұр.

Бір апталық демалысым әп сәтте өте шықты. Тағы бір апта демалсам деп едім. Онымен атам қазақ қалт айтқан ба, "қызды қонақ" деп, "Қонақ бірінші күні - құт, екінші күні - жұт, үшінші күні - зыт" деген аталы сөзді арқау етіп, есім барда, елімді табайын дедім. Әлбетте, қалжың. Туған жерім жүз күн сайран салсам да, жатсынып, өзегімнен итермес...

Айтпақшы, кішкентай ініме апарған базарлығым сыймай қалды. Нән жігіт болып өсіп кетіпті ))) "Микапа, шыға тұршы, киініп алайын" дейді тағы да. Ойбай, осы сені жуындырып өсірген мен емес пе едім, деп аузымды сылп еткіздім ))

-Кімді жақсы көресің? деп сұрасаң,

-Айшаны,-дейді.

-Ол кім?

-Мектепте бірге отыратын парталасым.))))

Сіңлім де кәдімгідей бойжеткен ) 

Жә,жә "Жас өспей ме" деген осы ғой )) 

Бәріңіз мен құсап елдеріңізге барып, мауықтарыңызды бір басып қайтыңыздар ))