Өр құндылық паналасын төл иесін!

Өр құндылық паналасын төл иесін!
жеке
блог

Өр құндылық паналасын төл иесін!

Бетбұрысты жаңа арнаға (батыс жаққа) бұрғалы,
Ұлттық мүдде өз жерінде үстемдігін құрмады,
Жаһандыққа бағынғандар бүгін болды топ алды,
Ұлт мұратын толғап талай ақын жырын жырлады.
Осы тұста бала шағым есіме кеп оралды:
Жаздың жайсаң, жайма шуақ кезі еді бұл қызықты, 
Сол бір кезім тағдырыма бір естелік сызыпты.
Дөңгеленіп қызараңдап батып жатты күн көзі
Еске салып алтынменен апталғандай жүзікті,
Осы кеште бір оқиға орын алды үзікті.
Жанұямен дастарханның отырғанбыз басында,
Даладамыз, үйіміздің іргесінде қасында.
Арлан атты ит бар еді үйімізді қорыған,
Тәулік бойы үй күзетіп, түнде түнек торыған,
Сол бір кеште сол қасқаның жат көрінді тұлыбы
Итше үрмей, ормандағы қасқырларша ұлыды.
Әкем біліп, естіген соң ит көрсеткен жат қырды,
Ойланбастан мылтықпенен аттырды.
Бала кезім, мән бермеппін мұндай іске сабақты,
Бірақ кейін тағдыр еске сап тұрды.
Өйткені сол қасқа иттей бүгін көп-ақ адамдар-
Өз тілі емес пайдаланған өзге тілді, жат тілді.
Сана сезім өсті, кейін ойлансам:
Әкем итті емес, аттырыпты сатқынды.
Маған қарап бір сөз айтты, өлгеннен соң қасқа ит,
Бұл ит бүгін қасқырларша ұлыды
Иесіне қарсы тұрды қасқайып,
Ұлығанмен бүгін ит боп жабағы,
Ертең бізге қасқырларша шабады.
Төл қасиетін жоғалтқан тіршіліктің иесі,
Ессіздіктің есігінен қағады,
Қасқырларша ұлып, көнсе олардың ырқына
Бүгінгі ит ертең қасқыр мінезіне салады.
Бүгін оны өлтірмесең,
Табиғат заңын өз орнына келтірмесең
Сен де соның қатарынан көрінесің,
Сен баласың, өсесің әлі өрілесің, 
Саналылықтың шығады әлі төріне есің,
Менің саған өсиетім бүгінгі
Өр құндылық паналасын төл иесін!
Деген әке ар санадым өсиетін,
Ата-бабам аманат еткен
Даналарым арқалап жеткен
Келемін мен бағыт қылып кие сөздің қасиетін.
Ұмытқан ділін, меңсінбей тілін кеткендер,
Тартары даусыз рухсыздықтың мүгедектік қасіретін
Алланың өзі тарттырар оның тақсіретін.
Баяғыдан адамзат ұлт-ұлыс боп келеді
Табиғат заңы-Алланың ісі себебі.
Ұлттарға бөліп адамды, бір-бірін танысын дегені.
Таңдаған жоқсың, Алла берген ұлттық дара болмысты
Өмір сенің сұрауыңсыз берілген сыйлық толысты.
Ата-дінін, ана тілін менсінбеу мен сыйламау-
Хақ Аллаға қарсы шығу- жасау теріс, сол істі.
Есіңді жый, 
Ұлы мұрат жолындағы ұлтым менің көнбісті!
«Қазіргі ұрпақ неге рухын құнттамайды?»
Бүгін мені осы сұрақ мазалайды жиі алдан,
Естен кетпей, жатсам-тұрсам қиялдан,
Жауап іздеп жарып шығар жарқылды
Сараланған санам сан рет сарқылды.
Ерекше бір миға сыймас сипатпен
Тіл қатқандай жалын жүрек шарқ ұрды:
Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кезі еді,,
Жиырмасыншы ғасырдың
Ислам діні-асылдың
Ғұламасы бар деседі.
Сол ғалымнан бір шәкірті келіп сауал қойыпты:
-Сұм соғыстың басталғалы сексен тәулік өтіпті,
Тажал жетіп жас ғұмырлар қыршынынан кетіпті.
Соғыс жайлы жазып жатыр талай ақын толғаған,
Сұм соғысқа арналуда талай кітап томдалған,
Ал сіз неге сұрамайсыз соғыс жайын сұрапыл,
Сіздің неге көңіліңіз 
Сұм соғыстың суығына тоңбаған?
-Уақытша мәнді нәрселер бар үлкен шеңбер ішінде,
Мазмұны мәңгі нәрселер кіші шеңбер күшінде,
Қайсысына қызмет етсем дұрыс болар тынымды!
Деп ғұлама қарсы сұрап шәкіртіне бұрылды.
-Әрине, ұстаз, кіші шеңбер қайырлы
Деп шәкірті қысқа ғана жауаппенен қайырды.
-Олай болса, мәні мәңгі нәрселердің жанында
Тек уақытша нәрсеменен алдануға бола ма?
Кіші шеңбер-адам болса, мәңгі-иман барында
Үлкен шеңбер-қоғамдағы 
Мазмұны уақытша болғандағы
Соғысты ойлап, толғансам мен иман нұры тола ма?
Әрбір адам иман нұрын толтырмаса санаға,
Ұлттық мүдде қорғалмайды панада.
Ұлттық рух пен ұлттық сана орнамаса қоғамда,
Қоғам қалар өмір атты өр мұхиттық жағада.
Деп ғұлама өрелі сөз, өсиетін қалдырды:
«Өз қоғамын имандыққа ұйытқан жұрт әрқашан
Кемелдікке, өр елдікке жетпей қоймас сан қырлы.» 
Сырлы сөзбен имандыққа үгіттеген қарт сөзі,
Өнеге боп, ғасыр асып, нақыл болып жаңғырды.
Жүрегімнің дегеніне түрдім құлақ ұйығаннан, 
Осыны айтып деді ол маған:-«Ұлтты сүю иманнан!»
Бәз біреудің дәулеті бар, рухи азық жиғаннан,
Ал, біреулер материалдық игілікке иланған,
Не қайран бар материалдық байлықтан ,
Жеті қабат қарыныңа сиғаннан,
Рухы биік, ұлттың ұлт боп дамуы, 
Ұрпағына рухи әрлі, ұлттық сана құйғаннан!

 

© Бексұлтан БАСЫҚАРА