Опраның ерлігі

Опраның ерлігі
жеке
блог

    

   Қара нәсілді Опра Уинфридің бұл хабары - АҚШ-тағы ең жоғары рейтингті бағдарлама. Опраның шоу бағдарламасына түсу - билік басындағылар мен әншілердің арманы. Президенттердің барлығы бұл тележұлдызға бас иеді. Өйтпегенде ше? Бұл Опра Уинфри халықты шынайы қарапайымдылықпен баяғыда баурап алған.  Бірде шенеунік әйел өз өмірін айтып, жылап отырды. Манадан бері тыңдап отырған Опра: - Ал Сіз білесіз бе мені 9 жасымда педофил зорлағанын? - ? - Иә, иә, маған олай қараудың қажеті жоқ, -деді де, қолындағы бет орамалымен көз жасын сүртіп, - білгіңіз келмейді ме кімдердің осындай зұлымдыққа барғанын? - деді. - ? - Неге үндемейсіз? Білемін, айтар сөзіңіз таусылып қалды. Мені өзімнің туысқан ағаларым зорлады. Көзі атыздай болып кеткен қонақ орнынан атып тұрды. -Отырыңыз, әлі біздің айтар әңгімеміз біткен жоқ.  Сеңделіп қалған қонақ әйел жәймен ғана отыра кетті. - Мен бала сияқты қуыршақпен ойнаған жоқпын. Қыз секілді әдемі киінген емеспін. Менің үстімдегі көйлегімді анам картошка таситын сөмкеден жасап беретін, - деді де, ауыр күрсінді. - Осындай педофилден мен 13 жасыма дейін зорлық көрдім. Содан үйден қашып кеттім. Алайда мен бір жылдан соң аяғым ауыр болып бала тудым. 14 жасымда! Шалажансар болып дүниеге келген сәбиім бірнеше күндерден соң қолымда өліп қалды. Ал сіз маған өмірден түңілдім дейсіз... Студияда отырған көрермендер орындарынан атып түрегеліп, ду қол шапалақтап тұрып алды. Көз жасына ерік берген Опра Уинфри болса, балалық шағындағы зорлығын есіне алып, еңіреп жылап отырған еді. Тікелей эфирден көріп отырған көрермендер де қоса жылады.  Іштей балалығын ұрлаған жауыз педофил ағасына лағынет айтуда. Жылай берді, жылай берді... Осылай өз өмірін боямасыз, бүкпей халық алдына жайып салды.