Бұрындары операция жасау деген кезде бірінші кезде ұйықтаған адам келетін көз алдыма. Себебі өзіме алғаш жасаған да мен ұйықтап қалғам, дұрысы ұйықтатып тастады. Ол кезде бала едім ғо, есімде ештеме жоқ. Тек докторлардың жабылып жатқаны, содан соң оянған да қолым уже таңулы тұрды. Қанша уақыт ұйықтадым білмеймін...
Екінші рет жасаған кезде, ауырлықты қатты сезіндім. Себебі, местный наркозбен жасады. Ес білгелі біріншірет жасағасын ба, қорқыныштан басқа нәрсе сезінбедім. Оның үстіне врач тым жас болғасын да сенімім аз болған сияқты. Бірақ, ол маған:
- күшті сәттеріңді ойла, жігітіңді ойла, - дейді. Өзімше қиялдап қоям, бірақ ауырлық қатты батқасын да ойларымнан көп нәтиже шықпады.
Үшінші жасауға аз да болса дайын болдым, себебі местный наркоздың қандай болатынынан хабарым бар ғой. Врачта үлкен кісі, қазақстандағы ең жақсы дәрігер деп бәрі сендірді.
Укол құйған кезде ғана көзімнен жас бұрқ етті, ары қарай қанша укол кеткенін білмейм тек құлағымды айналдыра укол салғанын есімде. Алдыңғы ға қарағанда өте сабырлы болдым бұл жолы ))). Жыламадым, айғайламадым, врачты итермедім, боқтамадым ))).
Бұл жолы өзімді өзім алдадым, көзімді жұмып алып тәтті қиялға ерік бердім... Бәрін қазір жасап тастайтындай болып жаттым. Тіпті тыныш жатқаныма врач таңқалды))). Тек арасында басым айналғаны болмаса...
Енді өздеріңіз не ойлар едіңіздер? Жалпы операция жасағаннан кейінгі күйлеріңіз қалай болды???
Пы.Сы: уайымдамаңыздар бәрі жақсы менде )))