Оның үні....
блог
Махаббат-қарусыз майдан.Ғашықтыққа қашықтық қажет емес.Осы махаббатта не бар?!
(Мен басымды шайқадым)
-Хэхх,сен не білуші едің?-деді аяқтарын айқастырып ап.(Мен үнсізбін)
Не дұрыс?Не бұрыс?!Бәрі де дүдәмал.Тек ол ғана біледі,ол ғана сезеді.Ал маған белгісіз.Ұмтылыс.Ұтылыс.Асықтық.Қашықтық.Ғашықтық.Үнсіздік.Иә,әрине үнсіздік.Үнсіздік-махаббат құрамының басты рецептісі ғой."Махаббаттың басты теориясы-үнсіздік қой" дедім мен.
-"Дұрыс,әлбетте дұрыс үнсіздік дәл таптың!"-деді ол миығынан күле қарап.Сезім тек сезінетіндер үшін.
Сезімде "үнсіздік" өршіп,"менмендік" өшеді.Үнсіздікпен үндесіп,үнменен тілдесуші едің ғой өзің!-дедім мен тағыда.
-Иә тілдесетін едім,бірақ сыр беріп жүр ме түсінбедім...Әйтеуір түсініксіз біртүрлі күй кешіп жүрмін...-деп тіл қатты.
Махаббаттың құрамында тағыда не бар ед(і)?-деп сұрады
(Мен тағыда үнсіз қалдым)
Махаббат құрамында...-деді ол тыпырши сөйлеп.
Махаббат құрамында сезім,сенім,үндесу,тілдесу,қайраттылық,айбаттылық,нәзіктік бар.
Соның бәрін қоса келе ұлы сезімге айналары хақ.Ұлы сезімде ұлылық бар.