Оның күнделігінен...

      Сағат таңғы 5. Жатақхана. Дәлізден кейбіреулердің жүрген жүрісі, шуылы естіліп жатыр. Студенттік өмірдің қызығы да осы емес пе? Ойын ойнап, жатақхананы шуылдатып жүргенің...

      Бөлмедегілердің барлығы ұйқыда. Тек ОЛ ғана дөңбекшіп ұйықтай алмай жатыр. Оның айтқан сөздері, смс-хаттары, барлығы есінен шығар емес. Әсіресе басқа қызбен барлығын жаңадан бастаймын дегені. Неге? Жүрек құрғыр тек соны ойлай беретіні несі? Қанша жалынғанмен барлығына нүкте қойған өзі ғой, енді неге ол туралы ойлай береді? Бір нәрсе айтуға тым кеш. Қайта барып оларды ажыратпасы анық. Бақытынан бас тартқан да өзі, бірақ оны ұмыта алмайды. Ойын жеген бар сұрақтарға жауап таба алмай жатып, көзінен аққан жасты да, бүгінгі таңды көзбен атырғанын да байқамай қалды. Іштей жай ғана "Бақытты болсын" деп күбірледі де, орнынан тұрып, сабаққа кетуге дайындалды.



Бөлісу: