Оның досы болудан шаршадым...

Оның досы болудан шаршадым...
жеке
блог

–Мен онымен күнде ойнаймын. Көңілін көтеруге тырысамын. Мен оның алдында клоун болам. Ол үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Ол мазасы жоқ болса, маған келіп ән айтып берші дейді. Мен оны отырғызам да, қардан немесе ағаштардан сахна жасап, оған ән айтып берем. Ол мәз болып қол шапалақтайды.

Мен үйден оған тәттілер апарып берем, магазиннен алуға ақшам жоқ. Сөйтем де оған сен үшін сатып алдым деп айтамын. Ол бәрін білетін шығар, бірақ мен апарған тәттілерді үндемей жейді.  Сосын аққала жасап беруімді сұрайды. Оны да жасап беремін. Өзі сияқты сүп-сүйкімді аққала жасаймын.

Мен оны кейін уақыты келгенде күшті кафелерге тамаққа апарамын, театрға, киноға, сырғанаққа апармын деп ойлаймын. Бірақ...

Бірақ мен оның досы болудан шаршадым... Ол менің сезімімді қашан түсінеді, а?,–деп сырын айтты 5 жасқа жақындаған жиенім.

(Әрине былдырлаған бала тілімен айтылған әңгіме)

Жаныыыыыыыыыым сол, сезіміңнен айналдым. Менің кіп-кішкентай романтигім ғой!