"Оңтүстіктің" қыздары жайлы...

   Біздің қоғам стереотиптермен өмір сүреді. Қазақстанның өзінде-ақ біз "Оңтүстік", "Орталық" болып бөлінеміз. Қанша олай емес дегенмен, бұл-шындық. Кейбіреулер олай емес деуі мүмкін, бірақ ол рас. Орталықтың адамдары  Оңтүстік аймақтың адамын көрсе "Южандар қу келеді, олармен лучше араласпа-ақ қояйық" деп айтады. Орталықтың қақ төрінде жүрген соң бұндай әңгімені талай естігенмін. Тіпті, бір құрбым маған ақыл-кеңес берген болып былай деді: "Наргиз, оңтүстіктің қыздары масқара, жұлып жейін деп тұрады, өз-өзіңді көрсетіп, еңсенді тік көтеріп жүрмесең, бассынып алады, так что байқа"- деді. Жатақxанадан белгілі себептерге байланысты 717- ші бөлмеден, 221-ге ауыстым. Басында мүлдем араласпаған қыздар болғандықтан, қалай тіл табысып кетер екен екенбіз, деген толғаныс сезім болған. Қасымдағы екі қыз ( қазіргі таңда құрбыларым) Оңтүстік өңірдікі, Шымкент қаласынан. Тұрып жатқаныма біраз болды.

    Иә, қыздардың сөйлеу мәнерлерінде, кейбір істерінде бізден өзгешеліктер байқалады. Тіпті, кейбір сөздерін мен түсінбей қалып, күліп те аламыз. Бірақ, біздің Орталықтың көөп қыздарының (городская болып жүретін, местный қыздарын айтам) бір орынын басатындай қазақилық аңқып тұратын, имандары берік, бұрынғы ата-бабаларымыздың салтын ұстанатын, отанға деген сүйіспеншіліктері бізден әлдеқайда басым, бауырмал жүректі жандар екеніне көзім жетті. Бізден артық болмаса, еш айырмасы жоқ Оңтүстік өңірдің адамдары қаны таза нағыз қазақтар. Осыған көзім жетті. Қыз арын қашан да биік қоятын, намысын жерге таптатпайтын, байырғы ұлы қазақ елінің нағыз көшірмесі. Сондықтан, қыздар әсіресе, Шымкент жұртын өзімізше менсінбеуді қояйықшы. Қазақты "Қазақ" етіп сақтап тұрған, осы Оңтүстіктегілер! Олар болмағанда, біз орысша сөйлеп, батысша киініп, корей поп-музыкасын тындап, шетелге еліктеп қандай дана, ұлы xалықтың ұрпағы екенімізді ұмытқан болар ек... Бұл тек жеке ойым!



Бөлісу: