Ассалаумағалейкүм, достар!
Көктемнің бел ортасына жетіп, мезгіл басталғанда, қолға алған істерімізбен жүрміз. Қолға алған ісіміз — гастроль! Гастрольмен Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарын бетке алып шыққан болатынбыз. Ертең, иншАЛЛАҺ Шымкент қаласында жеке концертімізді береміз.
Оңтүстік өңірі — қазақтың қаймағы бұзылмаған мекені ғой. Қазақ өнері десе бұл өңір халықтарының шығарға жаны бөлек. Әнге талғамы биік. Көптеген көрерменнің алдын көріп жүрсек те, оңтүстік ағайынның алдында өнер көрсету біз үшін ерекше жауапкершілік екен.
Ғабит бауырымыз туған жерінде өзін еркін құстай сезініп жүр. Оның үстіне, көктемдегі көңіл-күйі ерекше!
Кешегі өткен "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" күнімен бір күнге кешіксем де, құттықтаймын! Айтпақшы, массагеттің осы мерекеге қатысты сұрақтарына жауап беру қызықты болды! Алғысымды білдіремін!
Сүйгеннің сүйіктісі болып жүре беріңіздер! Шын жүректен бақыт тілейміз!
Melo'Men-дік өзге жігіттер бәріңізге жалынды сәлем жолдайды!