Оңтүстікке сапар!

Оңтүстікке сапар!
жеке
блог

Эстафета таяқшасын берген Менің Анарыма көп рахмет :)

 Жаз айы өткен сайын, менде бір қимастық бар :) мүмкін жаздан күтерім көп шығар. Қатты ұнайтыны, бассейн, шуға шомылу, Тіпті лас деген Қапшағайды сағынып қаламын :)

Бұл жазым 2 жас жиенімнің тойымен басталды :) Жан жақтан көрмеген туыстар, өз тумаларымды көріп бір жасап қалдым. :)

 Сосын отпускта 1 апта тупо ұйықтау басталып кетті))) Туған апайым(сестра) кеттік Оңтүстікке дегені қатты қуантты. Ато мен 30 күн ұйықтай беруімде мүмкін еді :)

 2 Машина болып, 2 үлкен апайларым өздері бастап Оңтүстікке тартып кеттік. Мамка, және мамканың 5 қызы, 7 немересімен жолға шықтық. Өте қызық болды. Маған туғандарымен фемли травел ұнайды.

Бірінші бағыт Арыстан баб, бүт Оңтүстіктік жолы жөндеулі, жаман екен L шаң тозаң, бірақ мына бір күннің батуын машинаның алдыңды жағында отырған мен түсіріп алдым, және батқанын тамашаладым, шаңның арқасында дұрыс түсіре алмадым. Бірақ сол моментте керемет әсер берді өзгешелік болып тұрды)))

Арыстан бабқа кеш жеттік, алдын/ала сөйлесіп қойған сестрамның қонақ қабылдау үйіне қондық. Жунып шайнып, кешке Арыстан бабка кірдік. Тапшанда жаттық масахана. Масахана қатты ұнады, шыбын/шіркей, дәуіт, шегіртке, қара қоңыз тым көп көрінді. Біздің ауылда кеш мезгілде тек масаны ғана кезіктіруге болады.

Мына сурет Арыстан бабта, арабтар салған қымбат мешіт, жәнінде қонақ үй т.б. компекс бар екен.

Мынау 5 уақыт намаздың уақытын жақсы декор ойлап тауып қойыпты.

Мынау сырттан қарағанда Арыстан баб кесенесі. Оң жағы мешіті, сол жағы зираты.

ащы бұлақ, Аңыз бойынша Арыстан бабтың түйесі болған екен. Өлген соң түйе жылап, жылаған көз жасы ащы бұлақ болған екен. Емдік қасиеті бар. Ішіп, және ауырған жеріңді сылауға болады. Баклажкамен барып ащу судан алуға болады.

Қазақ деп өткен Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің басына да кіріп құран бағыштадық. Ол да Арыстан баб зиратына жерленген.

 

фотограф болып, түк түспепін, түскендерім онша шықпаған :(

Уақыт тығыз болды, мына бір кітапхананы кіріп аралағым келіп еді эххх L

 

Сұрастырсаң тілім менің Киевке дейн жеткізеді деген бар ғо. Сұрастырып отырып Түркістанға шықтық. Менің көптен көргім келген кесене, и ваще арман қала Түркістан :)

Өте тыныш. Таза, кең, адамдары жайдарлы, және не сұрасаң да барлық жерін жақсы білетіндей көрінді.

ох архитектураны қарасайшы, тағы да тағыда шақырады мені :) Алла сәтін салса бару келуге болады.

Мына Меккеден алып келінген сыпырғыштар ұнады алдына егіп қойыпты.

 

Жол бойы мына бір керемет көрінстерге жиі тап болдық. Оңтүстік өңірі соншалықты бай ма№ әлде маған солай кқрінді ме? Қатты қуанасың Қазақстан үшін. Ато небір жұпыны үйлер, ауылдарда талай болдым ғо. Жо-Жоқ, Құдай табиғатынан да ерекше қарастырыпты. Және халқы да еңбекқор ғой. Бар байлықтың лебі келеді екен. Тұрмыс/салты, кейбір ауылдардың өзгешеліктерін де аңғарып отырдым. Енді не істейм))) күніге 13 сағаттан жолда жүріп оттық))))

Үйдің сырт келбеті, өзбекші стилге көп келеді. Ажь байлықтары сыртқа шығып тұрды Түлкібастағы жол бойындағы ауылдардың))) Мадес))) қатты қуаныштымын!!!

Жол бойы Байтеректің 9-10 санап тастаған шығармын))))

Бір ұнағаны, жол армирован+ценменттелген. Ағып кететін сымала емес бұрынғыдай, теп тегісі сондай, қайта/қайта сестрам жылдамдықты қосып/қосып жіберді))) Гай да ірнеше рет тоқтатты))) сосын машинаның ішіне үңіліп, кіл қыздар+балалар екенін көріп тиын* алмай жіберіп отты))) жОл жөндеген соң, баруларыңызға болады, өте керемет жерлер екен. Тұнған тарих очм :)

Тараздағы Айша бибі, Қарахан бабаның басына келдік сосын. Аңыз бойынша, Айша бибінің әкесі қарсы болып. Қыз ұзатылып, Асы өзеніне түсіп шығып, басына бөріп киген кезде жылап шағып өлтірген диді. Өліп бара жатып некесін қиюды сұраған Қарахан. Өмір бойы ғашығын сүйіп өтіп, өлгенінде қасына қоюды сүрапты диді. Ғашықтар зираты ғо деп, ішімнен Анау баланы* тілеп қойып бетімді бір сыйпадым :)

 

СЕРВИС: келер болсақ, ешқандай қонақ үйлерде болғанымыз жоқ, есесіне, қонақ қабылдаушы үйлер көп екен. Арыстан бабта қонған үйіміз тамақ/шай/душ/көрпелер берді, тапшанда, масаханада жаттық :)

Сайрандағы күткен өзбек келіншектің үйіде солай, бұл үй ерекше ұнады, есімде қалды. Және 13 адам(балаларды қосқанда) 2500т. Сұрау енді))) соның өзін үлкен сестрам түссейші деп саудаласуы меня убила)))) неге ең арзан ғо десем, шығыс саудаласуды жақсы көреді дид сестрам))))

Түркістанда дәрет алуға, ажь жунып алуға жерлер бар екен. Айша бибінің туалеті сондай тәртіпті көрінді, ато Қазаки ауылдарда ондай кіріп/шығар жерлерді өздеріңізде білесіздер ғо :) серфис ондай дамымаған ғо, хотя тарихи жерлер, кейбір жерлер Мем. Қарауында болсада.

Нау Айша бибіде, дәрет алу орын. Уау деп қуанып суретке түсіріп алдым.

Ауылдағы Ақша бабаға ескеркіш қойыпты соны суретке түсіріп алдым. Кіндік қаным тамған жер. 13 жасқа дейін тұрған аулым :) эх балалығым...

 

ӨЗІМЕ АШҚАНЫМ: Адамдар әр жерде де керемет қонақ жай, ақ көңіл, тіпті білмей тұрса да көмек етуге даяр жағдайлар кезікті. Сырты жасыл, іші, қызыл сары, қауындарды тағы жеу үшін барса болатын шығар. Тым арзан/арзан J Бірде Сайрамдағы Қабылбек деген ағаның жаны қалмай жолға сызып, қонар үйді тауып беруі. Әр кезде де тек жақсы адамдардың кездесуі, очм маған қатты әсер етті. Басқа бір шет мем. Тап болғандай болдым. Әр кезде де позетиф көңілмен жүрсең, тап сондай адамдар кезігеді деген рас. Жол бойы түстікті су ағып жатқан, талдар арасында романтикус сестра, Мамка, жиендерімен тамақтанған. Және жол бойы шегін қатып күлген тоқтамастан, бәрі/бәрі ұнады. 1 апталық жолымыз сөйтіп еш шаршамай тез өтіп кетті.

 

А айтпақшы, суда қалықтап жүзе алатын болдым))) құлағыма тығын тығып))) уф әрең дегенде үйрендім/ау)))

 

Аз жазуға тырыстым. Көп болып, кетсе кешірім өтінем. Оқып шыққаныңызға рахмет :)

 

Эстафетаны АКУ-іме бергім келеді :)