26 тамызда Шымкент қаласының Көркемсурет галлереясында өткен VI облыстық "Оңтүстік көркі" қолөнершілер мен қолданбалы өнер және кәдесый шеберлерінің көрмесіне Қазығұрт ауданынан атбұлақтық Кененбаевтар әулеті қатысып, сертификаттармен марапатталды. Жұлдыз Кененбаеваның киізден басылған туындылары бұған дейін де түрлі республикалық байқаулардан орындар алып жүрген. Көрме барысында қазығұрттық қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан заттар мамандарды ғана емес, көрменің қарапайым тамашаушылары мен қызық қуған туристерді де қызықтырып жатты.
Материал Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімімен дайындалған.