Оңтүстік жастары су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға көмек жіберді

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары
Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберді.


«Жас Отан» Жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы ОҚО білім, жастар саясаты, тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруда.
Акция барысында облысымыздың жанашыр азаматтарынан 9,5 тонна гуманитарлық көмек ретінде келесі заттар жиналып, жөнелтілді: жылы киімдер, азық-түлік, балалар тағамы, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, төсек-орынжабдықтары, аяқ-киімдер.



Бөлісу: