Оңтүстігім - жыр елім

Ыстық тартқан тау-тасың жоталарың,

Өзіңнен өзгеше бір от аламын.

Сен - анасың, жүрегің дархан дала,

кеудесіне қысатын шақалағын.

Сен анасың туғансың дарындарды,

қайтпас, қайсар, өр, өжет, жалындарды.

Шындықты айтып шырылдар Шахановтай,

Перзентің бар арманың орындалды.

Ханбибі апам секілді ханша қызың,

Тұрғызған қылқаламмен хан шатырын.

Өзіңнен сусындаған қуат алып,

Арнауда енді өзіңе моншақ жырын.

Әуелесе Шәмші әні аспаныңда,

Үні кетпей құлақтан тамсанды мың.

Кіл таланттың анасы Оңтүстігім,

Жинағандай әлемнің ансамблін.

Сен тарихсың сыр бүккен тереңіне,

Өзенше тасып толған кемеріне.

Сен ұстазсың баулыған дарындарды,

Талайдың тәнті болдың өнеріне.

Сен бір кітап басталған ғасырлардан,

Тосса да құламаған тосын жардан.

Парақтап әр бетіңді ақтарамын,

Тұңғиық тұла бойың асыл маржан.

Қожа Ахмет Иассауидің жүріп өткен,

Жолдардың ауыр еді жүгі неткен.

Бабамның Әбу Наср әл Фараби

Бүгінге бүлінбестен сыры жеткен.

Бұлбұлдың ән боп ұштың таңдайында,

Ел жатыр қазыналы қойнауыңда

Туған жер, Оңтүстігім, туған өлкем,

Жұлдызы жарқыраған маңдайында,



Бөлісу: