ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
блог
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған және оқшауланған аймақ сотталғандарына әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бойынша онлайн режимінде жиын өткізілді.
Жиынға Маңғыстау облысы бойынша «Луара» әлеуметтік қорының директоры Асырова Лаура Аралбаевна, Маңғыстау облысы бойынша «Луара» әлеуметтік қорының заңгер маманы Катуова Динара,Орал қаласы бойынша «Антарес А» әлеуметтік қорының психолог маманы Павлицкая Оксана Юрьевна қатысты.
Кеңес отырысында «Антарес А» әлеуметтік қорының психолог маманы Павлицкая Оксана Юрьевна жазасын өтеушілерге босап шыққаннан кейін әлеуметтік көмек түрлері және жұмысқа орналсу бойынша түсіндірсе, «Луара» әлеуметтік қорының заңгер маманы Катуова Динара рақымшылық заңын қолдану аясында және басқада кеңестер берді. Жазасын өтеушілер кеңес отырысында талқыланған тақырыптар бойынша толығымен және басқа да керекті мәліметтерін алды.