Онлайн ойындардың зардабы

Онлайн ойындардың зардабы
жеке
блог

Технологияның қарыштап даму заманында әлемде түрлі балаларға
арналған ойындары пайда болып жатыр. Өкініштісі аулаға арналған
ойындар емес көгілдір экранның арғы жағындағы онлайн ойындар. Ол
ойындардың зияны қаншама, оған ешкім бас қатырып жатқан жоқ.
Әйтеуір балам тыныш, мызамызды алмай ойын ойынап отыр дейміз.
Қазіргі таңда баланың дамуына кері әсер ететін ойындар көбейіп барады
дейді мамандар. Иа расында да кез келген жас баланы қарасаң қолында
смартфон, өмірінің бір бөлшегіне айналған онлайн ойындар.
Күн өткен сайын саны артып келе жатқан бұл ойындардың ең танымалы -
Garena Free Fire. Әлемге кеңінен таралған бұл ойынға Үндістан
республикасы тиым салған болатын. Дегенмен 2017 жылы шыққан
ойынды жүктеушілердің саны бүгінде 500 миллионға жетіп отыр. Бұл -
қазіргі уақыттың дерті онлайн ойындар екеніне дәлел. Әлемді қайтеміз, өз
елімізде де таңын осы ойынмен атырып, күннің қалай батқанын байқамай
қалатын балалар көбейіп келеді. Бүгінде елімізде Garena Free Fire ойынын
қолданушылардың саны орташа есеппен 1 миллионнан асып отыр. Және
қолданушылардың 70% мектеп оқушылары. 2020 жылы наурыз айының
13-нен бер онлайн оқуға ауысқан мектеп оқушылары көп уақытын білім
алудан көрі онлайн ойындармен бірге өткізетін болған. Ойын ішіндегі
түрлі қарулар мен костюмдерге қызыққан балалар бар ақшасын осы
Garena Free Fire ойынға жұмсайды. 1 миллион қолданушы 1000 тг донат
салдыратын болса 2 340 000 доллар қаржы Garena Free Fire компаниясына
түседі. Ал Garena Free Fire ойынының жылдық табысы 400 миллион
доллар.
Қазіргі таңда елімізде онлайн ойындар үшін ата-аналарына қарсы шығып,
отбасы есеп шотынан көптеген қаржыны ойындарға жұмсағандар да аз
емес. Психологиясы әбден бұзылған балалар, кейде онлайн ойындар үшін
өз отбасыларынан бас тартып, із түссіз жоғалып кетіп жатыр. Шетелде
онлайн ойынға жан тәнімен берілген бір жеткіншек өз қарсыласын ойын
ішінде өлтіре алмадым деп қарсыласының үйіне барып қылмыс жасаған.
Виртуалды әлеммен шын өмірді ажырата алмай онлайын ойындардың
жетегінде жүрген ересектерімізде жетерлік. Оңтүстік Корея елінің 38
жасар азаматы 10 күн бойы үзіліссіз онлайн ойын ойнаймын деп қаза
тапқан. Және жаңадан отау құрған Оңтүстік Кореялық жас отбасы онлайн
бала өсіру ойынын ойнаймыз деп өз сәбилерін қараусыз қалдырған.
Соңында сәби қаза тауып жас жұбайлар ә жылға бас бостандығынан
айырылды.

Онлайн ойындар балалардың ойлау қабілетін жақсартады дегенмен.
Қолына қару ұстатып адам өлтіруге, ұрлық пен мейірімсіздік үйрететін
бұл ойындардан ешқандай жетістік көріп отырғанымыз жоқ. Керісінше
біздің буыны әлі толық қатпаған балаларымызды буындырып жатқан
секілді. Ендігі мәселе ойындардың балалар өміріне тигізетін зияны мен
ата-ана өміріне әкелетін зардабы болмақ. "Ел боламын десең бесігіңді
түзе" - дегендей, өз тыныштығымыз үшін бесіктен белі әлі шықпаған
баламызға смартфон береміз деп ел тыныштығын бұзып алмайық.