Онлайн арулар
блог
Бұл постты маған ыстық шай сыйлап мен оларға тәтті тоқаш сыйлап әдемі әңгіме айтып жүрген жүздерін көргім келетін экран ар жағындағы аруларға арнаймын.
Оқи отырып өздерін танып қалар.
1) Кеше жұмыстан қайтып айнаға қарағанда көп майыса беретін бойжеткенді емес, өзі неден шаршап жүргені белгісіз шаршаған бойжеткенді көрген- массагет ауылының тұрғыны сенімен танысқаныма қуаныштымын, осындай қырсығып жайдары мінезіңмен жымиып жүре бер ммм (бір нәрселерге ұқсап) деп!
2) Балалық шағы өткен ауылында Найман көшесі бар, массагетте Семейдің Найманымен билеп жүріп түскен суреті бар, сүйкімді – виртуалды досым ретінде өте қатты сыйлаймын. Сені «мой мирдан» табуға көмектескен қызға көп рахмет айтамын.
3) Бір қолданушы бар көп тілдесіп әңгімелеспейміз бір екі диалогтан аспайды, оған күнде бір – ақ тілек айтамын түсінде Сталин атасы келіп бата беріп кетуін, «Сталиннен бата алған қазақ қызы» атануыңа тілектеспін.
4) Массагетте Жау жүрек мың баланы көрмеген екі адам бар болса оның бірі мен екіншісі сен. Екеуміздің еңбек демалысымызға тездетіп қол қойып, жау жүрек мың баланы көруді бұйырсын.
5) Күнде агентке кірген соң бір адамды сұрап соған сәлем айтқыза беретін бір қарындасым бар, екеуінің арасында салем айта-айта жалықтым, нөмерін берейін өзің хабарласшы)) сен сұрай беретін iPhone-де сода бар.
6) Массагетте ең алғаш агент арқылы өзіңмен таныстым, барлық жазбаңды оқып шықтым, өте мәнді, әсерлі бәрі жақсы, бәрі жақсы бір жаманы агентегі көшеңде светофордың жасылы көп жана бермейтіні.
7) Ауылда далаға шығуға қорқатын еңбек демалысында жүрген қарындасым бар, күндіз күннің ыстығынан кешке масадан қорқып шықпайды деп ойлап жүрсе қаладағы күйеу баланың бұйрықтарын орындап жүр екен, сол қарындасымның ойлаған армандары жүзеге асып, заң қызметкері атанып, жете алмай жүрген арман қала Алматыға тезірек жетуіне тілектеспін.
8) Апасының апасынан қалған қасиеті қонған, менім түсімде Семейдің аквапаркінде бірге жүрген түсімдегі ару қыз, кейінгі күндері қолы тимей жүр өзінің жақсы жаңалық болар деп болжаудамын...
9) Түсініксіз көп сұрақтардың жауабын беретініңе көп рахмет айтамын, менім мұғалім болшы деп ұсынған ұсынысымды қабыл алсаң нұр үстіне нұр болатын еді. Қашан дәріс береді екенсің?
10) Сенің ақылдылығыңа, қайратты, қайсар мінезіңе ғашықпын. Әр қашанда осы қалпыңнан өзгермей, өмірдің биік шыңын бағындырып, ұялы телефонының нөмері 36-мен аяқталатын жігіт пен «Тефальдарға» келін болып түсіп, бақытты ғұмыр кешуіңе тілектеспін. Скарлетке жалынды сәлем!
Таныстыгымыз оффлайында жалғассын!