ОН.КЗ-ге саяхат! Эстафета.
блог
Сені адам деп эстафета ұснығасын, жауапкершіліксіз,арқалап жүріп алу, қандай қасірет еді?! Осылай болып қалды, уақытын әбден создым. Кешіре ғойыңдар!
...Үнемі айтып жүремін, ғаламтор әлеміндегі азды-көпті білгенімді бойыма дарытқан Он.Кз-тің топырағы екенін. Сондықтан "кіндік қаным тамған жер" ретінде оны бойтұмарға балаймын. Өткен күндердің еншісінде қалған ОН.КЗ бүгінде сағынышпен еске алатын, ескірмейтін естелік болды. Жарықтық, ОН.КЗ, өзіңнің қойнауыңда 100-ден аса шимай-шатпағымды жасырыппын. Құпиямды да, мұңайғаным мен қуанышымды да өзің арқылы жеткізіппін көпшілікке. Интернет деген «агент» екеннің айналасында жүріп, ОН.КЗ-ке «орналасқанымда» компьютердің алдынан бас алмай, кабинеттен аттап шықпайтын кездер болған. Порталдың қолданушыларының арасында бір бауырмалдықтың лебі есетін. Туған күн иелеріне жарыса блогтар жазылып, ескерусіз қалмайтын. Әртүрлі тақырыпта жазылған жазбаларға қалдырылған ұзын-сонар пікірден көз сүрінетін. Әзіл, қалжыңның қайнаған ортасы дерсіз. Ол жақты мекендеген азулы арыстандар Ботик пен Жарқын Алаштардың, Алтайдың ар жағынан келген кемпірдің әзілдері өртейтін, рас. Сәкен, Әзиз, Назерке, Қуаныштар болатын Ботик пен Жарқын ағалардың "жынын" басып отыратын)). Не керек, Он.КЗ пен «Алаш айнасы» қатар аталатын. Дау да, шу да, алдану да сол жақта болатын. Басты кейіпкерлердің бірімін)). Бір жолы Корей сериалдары туралы байқауда, Махаббат туралы эстафетада топ жарғаным бар. Осындай-осындай қызықтарды оффлайнда жалғастыру бақыты да бұйырған. ОН.КЗ үшін Алматыға арнайы барып, виртуалды достармен кездесу жымиып еске алатын жақсылықтардың бірі. Жаза берсем, қызықтар көп-ақ. Бірақ, қоя қояйын, осы тұстан. Көңілім соқпай отыр.
Жалпы ғаламтордың "тіршілігіне" байлап-матап тастаған ОН.КЗ-тен жамандық көрмей, көпшіл де кішіпейіл, пейілі түзік, ойы озық адамдарды таныдым. Сондай қамқор жандардың бірегейі Айконадан эстафетаны жалғастыруын сұраймын!