Онкүндік есеп және Q&A 9/90

Экспериментімнің оныншы күніне де жақындап қалдым. Ертең бұйырса, тоқаш алып, осы мақсатыма бір қадам жақындай түскенімді атап өтпекшімін. Үйіме жаңа ғана кіріп, кешкі астан блог жазуға кіріскен түрім осы. Өткен он күн ішінде қандай жетістікке жеткеніме есеп бергім келіп тұр.

1. Atlas Shrugged романынының 1-ші томын аяқтадым. Екі томы қалды. Алған әсерім өте жақсы. Көп мәселелерді, соның ішінде ақшаға, ақша туралы ғана ойлайтын адамдарға көзқарасымды өзгертті. Мүмкіндігім болса, ертең екінші томын бастаймын. Сосын  осы романға өз пікірімді алдағы блогтардың бірінде қалдырмақшымын.

2. Медитацияға 20 минут уақыт бөлуге физикалық мүмкіндігім болмай жүр. Сол себепті, тек күніне 10 минут медитациямен айналысамын.

3. Өсек айтып, біреуді жамандап, өмірге назаланып жүргенім жоқ. Мүлдем. Бір қызығы, айтқың келген кезде, миың өзі фильтрлеп, сигнал беріп отыратын сыңайлы. Алғашқы күндері үйреніп қалған ауыз, құрбыларыммен сөйлескенде біреу-міреуді әңгімелей бастаса, әдетте жігіттер туралы =), қосылғым келетін де тұратын. Қазір ондай ынта жоқ. Бейжай тыңдаймын.Бұл жағдайда іштей МОЛОДЕЦ деп өз-өзіме риза болып қаламын.

4. Өкінішке орай, телефонмен жарты сағаттан аз уақыт сөйлеспей жүруге мүмкіндігім мүлдем жоқ. Күні-түні "байланыстамын".

Қалған пункттер бойынша келесі блогтарда айтып беремін.

Бір-екі күн болды, шабытым болмай, не жазарымды да білмей жүрмін. Жұмысбастылық пен уақытымның өте тығыз болуы, шаршауыма себеп боп, блог жазуға ынтамды жоқ қылып тастайтын секілді. Бірақ, айтқан сөзге берік болу қажет. Қатты шаршасам да, осы блогты жазбай, ұйықтамаймын. Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, бөліссеңіздер, қуанышты болушы едім. Қысқаша Q&A (ағ. question & answer- сұрақ-жауап) жүргізсек қалай қарайсыздар?

Дүйсенбіде демалыс күндеріме аңдатпа жасаймын.  Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!



Бөлісу: