Өнердің жолын ба, өмірдің жолын ба?

Өнердің жолын ба, өмірдің жолын ба?
жеке
блог

   Бала күнімнен армандаған мамандықтарым қаншама? Бірінен соң бірі өзіне шақыратын өмір арналары басты қатырып, шимайға салады. Бойымнан өнердің ұшқынын көрген қамқоршыларым осы арнаға бет бұруымды қаласа, келешекте мемлекеттің бетке ұстар азаматшасы болып, мақтанышымызға айналады деген ата-анам өмірдің қиын жолын кешіп өтіп, талас пен тартысты жеңіп, өз орнымды тапқанымды қалайды.

  Өнердің әр саласына басымды тыға бергеннен, келер пайда жоқ секілді. Бәрібір де жаның қалаған мамандықты таңдамаған соң, айтарлықтай үміт те болашақтан күтілер емес. Тек күтерім алдағы таңдайтын медицина саласындағы мамандық бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдаған соң, бала күнгі арманым дизайнерлік саласы бойынша маман атану. Әр шақта қолыма ақ қағаз бен қалам түсе қалса, дереу ғана ойымдағы үлгіні салып, арманыма ерік беремін. Бірақ, әр үлгі әр парақ бетінде шимай болып қалған соң, әрқайсысы әр жерде шашылып жатыр.

  Жанымда әрқашан бірге жүрген достарым маған көмек бере алмайды. Оларды түсінемін...Олар да мен секілді болашақта өмірдің қай арнасына бет бұрып, қай бұрыштан орын аларын білмей дал болуда. Бәрімізге де қажеті психологтар мен әртүрлі мамандық иелерінің ақпараттары секілді. Бойдағы талантты дамытқан жөн бе, әлде мектеп қабырғасындағы тың білімді арттырып, саясат саласына бет бұрғаным жөн бе?

 Сіз маған мұндай жағдайда қалай кеңес берер едіңіз?