Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

Әйгілі сазгер Ш. Қалдаяқов туып өскен жері Отырар ауданының Шәуілдір ауылы. Композитор, Қазақстанның халық әртісі. Тәуелсіз еліміздің Әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнінің авторы. 1950 жылы Сарыағашта Қапланбек мал дәрігерлік техникумын бітірген. 1951 - 1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка - теориясы факультетіне қабылданды. 1956 - 1962 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетінде профессор В. В. Великановтың класы бойынша оқыған. 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Қазақ ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармасының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, жарға, дос - жаранға деген сүйіспеншілік - Шәмші ағаның шығармашылығының басты тақырыбы.

Өзінің туа біткен дарын, талантымен ел жүрегін жаулап алған, сөзімен де ісімен де, қоғамдық асқақ ойымен, бүкіл болмыс тірлігімен келер ұрпақ, кейінгі біздің бәрімізге де өнеге болған исі күллі адамзатқа ортақ заңғар тұлға аз емес. Сондай өнер айдынындағы алыптардың бірі, әрі бірегейі, «Вальс королі» атанған әйгілі сазгер, ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлға.

Әр адамның өз өмірі сияқты әр әннің де өз шығу тарихы бар. Ол кезде Ақмоланы Целиноград деп атап, бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермек болып жүрген кез еді. Сөйтіп, қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтығын жырлайтын ән керектігін сезіп Шәмші аға ән жазды. 6 қаңтар 2006 жыл, Республика Парламентінің бірлескен отырысында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекетіміздің Әнұраны болып қабылданды. Шын мәнінде бұл Әнұран патриоттық сезімді оятып, рухыңды көтеріп, көңіліңді тасытып, санаңды серпілтіп, бойыңа күш - қайрат беріп, жігеріңе жігер қосып қанаттандырады.

Сұлу Арыс жаралғандай ән үшін,

Бір кездері тапқан да еді әншісін.

Бұл күндері баяу ағады сарқылып,

Іздей ме екен төл перзенті Шәмшісін.

Азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын: «Ақ ерке - Жайық», «Отырардағы той», «Сыр сұлуы», « Көгілдір көкше» т, туындыларын жұрт ерекше қабылдады. Композиторлық марш екпінді жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным»әні жоғарыда айтқанымыздай егемен еліміздің ән ұранына айналды. Сондай - ақ «Бақыт құшағында», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик» т, б көптеген әндер Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева сынды көптеген әншілердің репертуарынан берік орын алды.Осылайша Ш. Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың Шәмшіге  өлең болып өрілген өршіл хаттарын білмейтін қазақ кем де кем болар...

Шәміл - ау! Шәмші қайда? Шәмші қайда?
Оқитын хор класының оқушысы Ахбалин Диас
... Сол күдер ғой - жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп айызың тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма.
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл - ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағыда бір таңдандырсын,,
Жандырсын жүректі, жандырсын!
Мәңгі өлмейтін Махаббатым айта жүрер!
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!
Шәмшіге арнау.
Оқитын хор класының оқушысы
Жанаев Еренбақ
Отырарда туып, өсіп, ержетіп
Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.
Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан
Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.
Кетті аға, әнің қазақтың жерін шарықтап,
Көгершін болып көк аспанында қалықтап.
Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,
Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.
Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елің
Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.
Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін
Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.
Ол рас аға өмірден сыйды аз көрдің,
Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.
Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүр ме екен
Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.
Жабыны жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,
Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.
Бүгіндер жүр бармағын шайнап өкініп,
Уағында қадіріңізді білмеген.
Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қырқаны,
Ән салдың аға таңға ұрып тағы бір таңды.
Әлемнің қазір төрінен биік дауыспен,
Әніңіз сіздің Ән ұран болып шырқалды.
Күніңіз туды төріне өнер өрлейтін,
Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін
Өлді деп сізді кім айта алар жан аға,
Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін.

 



Бөлісу: