Өнер өлмейді, ата-ана қарсылығы
блог
Өнер — лас жол", "Өнер жолына түсуіңе риза емеспін", "Өлеңнің ермегіне айналғанша, ірі іспен шұғылдан", бұл — әкесінің ұлына айтатын күнделікті сөзі. Бірақ баласы бұл сөздерге жасымай, "Сіз оң батаңызды бермейінше, шертпесем де, домбырамды иығыма асып жүремін" деп, айтқанынан қайтпай қойған...
Осылайша жерге азығы, ішерге сусыны таусылған әкелі-балалы екеуінің еріндері кеберісіп, сайдың саясына әзер жетеді. Баласы әкесіне: "Сіз осы жерде аптығыңызды басып, аялдай тұрыңыз. Ары қарай жүруге шамаңыз жетпейтінін көріп тұрмын. Анау төбеде қарауытып көрінген ауыл шығар. Барып мініске жарайтын жануардың реті болса, көрейін. Болмаса шөл басар бірнәрсе тауып әкелермін", — деп жүріп кетеді.
Алыстан мұнартып көрінгені ойлағанындай ауыл болып шығады. Абыр-сабыр шудың ортасына кірсе, той болып жатыр екен. Ол кезде қазіргідей арнайы асаба жалдайды деген жоқ. Келіннің бетін ашады деп келіскен кісісі келмей қалған. Бет ашатын адам табылмай жатқан көрінеді. Той иесі мұның иығындағы домбырасын көре сала жағасына жармасады:
— Айналайын, інішек, домбыраңды көріп тұрмын. Кез келген тілегіңді орындайын, тек бет аша алмаймын дей көрмеші.
— Бет ашу ма? Ол қолымнан келеді.
— Жүр ендеше, — деп топырлаған халық ортаға алып, қолпаштай жөнеледі