өнер қашанда сұраныста
блог
Өнер қашанда халық арасынада зор ықыласқа ие екендігі баршамызға аян. Алматы қаласында орналасқан республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананаың оқу залында қаңтар айының 28 жұлдызында ақын, сазгер, әнші Бауыржан Құмарбековтың шығармашылығына арналған «Алтайым – алтын бесігім» атты концерт ұйымдастырылды. Шараға Бауыржан Құмарбековтың отбасы мен жақын достары қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған бұл шараға кітапхананың тұрақты оқырмандарымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсиететінің студенттері, С. А. Ходжиков атындағы № 39 лицейдің оқушылары да қатысты.
Концерт барысында қазақтың дәстүрлі әндері айтылып, көрерменнің делебесін қоздыратын күйлер тартылды. Жаңадан қаулап келе жатқан жас ұрпақтың есінде қаларлық өнегесі мен ғибраты мол кешті республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананаың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырған болатын. Кітапхана мамандарының айтуынша осындай игі шаралар айына бірнеше рет ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандары шақыралады екен.
Кеш соңында Бауыржан Құмарбеков көрермендермен сұхбаттасып, суретке түсті. Кітапханан директоры Гүлбаршын Балғожинаның айтуынша әлі де жалғасын таппақ.