Өнер алды – қызыл тіл
блог
Қазір әдеби кітап оқитын адам аз, оқыса да көп сөзін түсінбей жатады. Әдеби кітап түгілі, мектеп оқулығындағы тапсырмаларды түсінуге қауқарымыз жетпей жататыны да жасырын емес.
Орыс мектебінде оқығандарға "кешіріммен" қараймыз-ау, ал қазақ мектебін бітіргендер, "түсінбеймін" дегенде, айтарға сөз таппаймын.
Қазір қазақ мектептері 80%,(1991 жылы Тәуелсіздік алғанға дейін 28% болған) десек те, сол қазақ мектептерінің оқушылары тұрмақ, мұғалімдерінің қанша пайызы қазақша ойлап, қазақша сөйлеп жүргенін кім санапты?
Қоғамдық орындарда әлі көпшілік орысша сөйлейді. Ақша үшін ана тілі түгілі, отанын алмастырып жүргендерге де үйрене бастадық. 30 жылдан берi екi тiл деп, қазақ деген ұлттың жоғалып бара жатқанына өзіміз кінәліміз-ау...
Кезiнде "Абай жолын оқымаған қазақ, қазақ емес дейтін еді. Қазір "Абай жолы" сән емес, ескірді дейтін бiлгiштер де шығып жатыр.... Ал сол "Абай жолы" роман-эпопеясында Мұхтар Әуезов 16983 сөз қолданған. Он жеті мыңдай сөздің мағынасын түсiне алу да бiлiмдiлiк!
Ал қазақ тiлi тiлдiк қоры, яғни сөз саны бойынша әлемде үшінші орында.
1 орында араб тілі 1 миллион 200 мыңдай сөз;
2 орында ағылшын тілі 700 мыңдай сөз;
З орында 600 мыңдай сөзбен "Қазақ тілі" екенiн бiле жүргеніміз абзал.
Одан кейін испан тілі 300 мыңдай, сосын орыс тiлi 150 мыңдай, ал қытай тілінде 87 мындай иероглиф бар дейді ғалымдар.
600 000 сөздiң iшiнде басқа тiлден енген жаңа (неологизм) сөздер де, қазiр қолданылмайтын көнерген (архаизм, историзм) сөздер де бар.