Өнер

Жаста болсаң жалындадың жанарым,

Бұлбұлы ең мына сары даланың.

Сұм ажалға қарсы тұрар дәрмен жоқ,

Көнбестен басқа жоқ қой менің амалым.

 

Қоңыр үнің бойыңда бар даланың,

Өнердің сен көрсеттің бізге жалынын.

Домбыраңды қолға алған кезіңді,

Шынымды айтсам өте қатты сағындым.

 

Әркімге бір қона бермес бұл өнер,

Бұл өнерге керек қайрат,мол жігер.

Жанарымның айтатұғын әндерін,

Қазақ деген өнер сүйгіш ел білер.

 

Жұлдыздай сөндің жарқылыңды басып тез,

Жүректерді жылатқан еді-ау сол бір кез.

Сөнбеген бір үнің қалды артыңда,

Сені ойлап қиналуда халқыңда.

Бейнеңді сенің елестетет барлығы,

Тұратындай домбыраңның жанында.



Бөлісу: