"Өнегені" қолыма жеткізген өнегелі қыздарға мың алғыс!

"Өнегені" қолыма жеткізген өнегелі қыздарға мың алғыс!
жеке
блог

    Міне, ел мәдениеті саласының жаршысы болып, халық арасына жол тартқан  қазақтың еркесі, сахнаның серкесі Мейрамбек Бесбаевтың төл туындысы "Өнеге" журналының 1000 данасы қолыма тиді. Осындайда, алысты жақын қылатын, жатты таныс ететін ату шулы агенттен айналасың. Сол күні ерекше мәзбін. Себебі, қосылып тұрған агентім біраз уақыт үнсіз тұрған, кенет Маралдан амандығымды сұраған хат келді. Саулығымызды сұрасқасын, Марал:"Өнегені беріп жіберсе, тарата аласың ба",-деп ұсынды. Қуанғанымды көрсеңіз сондағы!). Әрине, бірден келісе кеттім, екеуміз тура қай күні жіберіп, күтіп алатынымыз туралы пысықтап отырғанда, Айнаркадан хат алдым, сол ұсыныспен. Жұмысымды жайына қалдырып, ерекше қуандым. Айнара бірден редакторымен сөйлестіріп, ертесіне автобустан салып жіберетін болып келістік. Асығып күткеніммен, "айдаладағы маған сенім білдіріп беріп жібере ма екен, айнып қалса ше" деп қобалжыдым да. Хабар күттім қыздардан. Келесі күні журналдың редакторы Гульнур Әбілдақызы маған хабарласып, 1000 дана журналды салып жібергенін айтты. Шыдамсыз қасиетім бой алдырып,  автобустың ауылға тез келгенін күттім, сомен түнгі 21.30-да басқа ауылдан күтіп алып, таратуды сол жақтан бастап кеттім. Міне, содан бері 1 аптаға жуық уақыт болды, курьер қызметімен айналысып жүрмін. Ауылға барынша үлестіріп жүрмін, мен де мәз, ел де мәз). Негізі адамдар қызық қой, кейбір кісілерге ұсынсам, "неменеге, сатыла ма?", деп жақтырыңқырамай тұрады да, тегін таратылып жатқан М.Бесбаевтың журналы екенін айтсаң "әкел, әкел, тегін болса аламыз ғой" қуана-қуана алады. "Жазылуды да ұмытпаңыз" деп қоямын. Әттең, құлқы жоқ-ау көбінің. Тағы да тегін ала бергісі келетіндер көп, "басқа түрі жоқ па" деп қанағаттанбай тұратындар да кездеседі. Ауыл болғасын естиді ғой, "Журнал таратып жүр екенсің, маған да керек" деген іздеушілер де бар. Тарату кезінде жағдайы төмен отбасыларына да беруді жөн көріп жүрмін. Маған өте қызық, журналдың салмағын аурсынбастан, көтеріп алып жүре беремін. "Еріккен екенсің" деп сөгіп жатқандар да жоқ емес. Айта берсін! Жұмыс уақытын қиып-қиып осы іске арнап жүрмін. Есесіне, кейде түнгі сағат 9-10-ға дейін қалып, қағаздарымды реттеп кетпесем тағы болмайды. Осылайша, қызу тіршіліктің қазанын қайнатып жүрген жайым бар. Атап айта кететінім, "Жаса Музарт" қоғамдастығының жетекшісі, топ жанкүйерлерінің жанашыры болып жүрген Маралға, "Өнегенің" өрісін кеңейтіп, маған сенім білдірген Айнарочка өзің мен Гульнур Әбілдақызына мың алғысым бар, еңбектеріңіз жана берсін! Мен өз тарапымнан алдағы уақытта көмегімді көрсете беретін болмын.