Өндірістік практика деген не?

Өндірістік практика деген не?
жеке
блог

Өндірістік практика – бакалавр деңгейіндегі жас маман – студенттің алғашқы сынға түсіп, еңбек ететін, білімі мен білігін танытатын, оған қоса алғашқы балаң қателіктерден жиналған тәжірбиенің мамандыққа деген кәсіби білікке айналатын кезеңі. Практикадан өту деген тек білігіңді таныту ғана емес, коммуникативтілік құзыреттілігіңді шыңдайтын кезең.

Қазақ білімінің қарашаңырағы, небір ұлы тұлғалар түлеп ұшқан құтты мекен – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Филология және әлем тілдері факультетінің, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 4 курс студенттері бұл жылы Ақымет атамыздың музейіне өндірістік практикадан өтуге бардық. Жетекшілерім: «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының аға оқытушылары Имаханбет Райхан Сахыбекқызы мен Оспанова Гүлмария Тұрысбекқызы болды.  

 «Ұлт ұстазы» Ақымет Байтұрсынұлы:

     «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деп айтқанындай алғашқы күн біздің практикадағы қорқыныш пен үрейдің және кемпірқосақ – қуаныштың басталған кезі болды. Әрине, білімнің – теория, ал бідіктің – тәжірбие арқылы келетіні белгілі. Десек те, жан-жағы әсем де мәуелі ағаштармен, шыршалармен көмкерілген музейдің тарихилығы мен мәдени атмосферасы жанға жайлылығымен көңілге ерекше серпін сыйлайтындай болды. Жасыратыны жоқ, алғашқы рет келген менің өзім өксік қадалған көкейімдегі «ұялуды» жасыра алмадым...

Ақымет атамыздың музей-үйі әу баста мемлекеттік мекеме болып құрылуы тиіс еді. Десек те, еліміз тәуелсіздік алған жылдары орындала қоймаған мақсаттың өткен жылы мемлекет тарапынан қолдау тапқаны музей-үйдің мүмкіндігіне әсер ететінін анық. Музей-үйдің өзі ғалым атамыздың естеліктеріне толы екен. Ғалым атамыз туралы біз естімеген естелік ретінде домбыра тартып, ән айтқанды жақсы көретінін білдік.

Музей-үйдің ішіндегі атамыздың суреті, оның жәдігерлері, кітаптары, өз қолымен жазылған парақтағы жазбалардың барлығы дерлік ерекше әсер сыйлады.

Музей-үйдің өзі 1934 жылы ғалымның өзі тұрған дерек біздің практикадағы жолдастарыма жауапкершілік ұялатты. «Әдебиет – ар ісі» демекші, музей-үйдің бір игілікті жұмысына күш салып, өз үлесімізді қоса алуды азаматтық парызымыз деп есептедік. Аса пафос сезім практиканың сәтті өтуіне осылай өз септігін тигізді.

Өндірістік практика – жетекші мен білімгердің арасындағы үндестік пен коллективті жұмыс екені анық. Атамыздың терминжасамға, әдебиеттануға, тіл біліміне, педагогика саласында еңбек етті. Менің байқағаным, қандай да бір ғылымдағы заңдылық болсын қазақи табиғатқа сай, өзіндік ерекшелігімен жасалған. Терминжасамдағы «қазақ тілін сарқа пайдалану» принципі, әдебиеттанудағы терминдердің қазақша берілуі, әдістемедегі әдістердің жасалуының барлығы осыны көрсетті.

Қазір өндірістік практика жүріп жатыр. Жұмыстар істеп жатырмыз. Осы практиканың арқасында Алаштық идеяның маңыздылығы мен сипатын түсіне бастағандаймын.

«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген ұстаным менің де азаматтық сөзіме айналғандай. Практикадағы үрей, практикадағы қорқыныш, практикадағы сенімсіздік кіші және сенімді, көңілге серпін сыйлап, жан жадыратар мақсатқа айналды.

«А.Байтұрсынұлы Тіл – құрал оқу – әдістемелік,

ғылыми – зерттеу орталығындағы өндірістік практика»