Оңай әрі тез дайындалатын печенье

Оңай әрі тез дайындалатын печенье
жеке
блог

Құрамы:

 - 1 жұмыртқа.

- 1 стақан қант.

- 0,5 шай қасық ас содасы.

- 200 гр. кілегей майы.

- 2,5 стақан ұн.

 

Дайындалу әдісі:

 1. Жұмыртқа, қант және ас содасын қосып араластырамыз. 

2. Бөлме температурасындағы кілегей майын қосып, әбден езіп, жақсылап араластырамыз. Ұнды қосамыз.

Қамырды біріктіріп илейміз. Қалыңдығы - 8 мм болуы тиіс. Печеньені дөңгелектеп кесеміз де, 8-10 минут аралығына пешке салып, 180 градуста пісіреміз. 10 минуттаң асырмай, пештен алыңыз ! 

 

Печеньенің іші жұмсақ, сырты қатқылдау болады.